Аймақтар • 19 Ақпан, 2021

Полицейлер кезекті көкпардың үстінен түсті

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпарды анықтады, деп хабарлайды Еgemen.kz

Полицейлер кезекті көкпардың үстінен түсті

Кезекті рейд барысында, күндізгі сағат 13:30 шамасында Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіне бекітілген учаскелік полиция инспекторлары Мақтаарал ауданы бойынша құрылған мобильді топпен бірге Бірлік ауыл әкімшілігі Пернебаев ауылына қарасты егістік алқапта 60-қа жуық адамның басын қосып, көкпар ұйымдастырып жатқанын анықтады.

Тәртіп сақшылары көкпарға жиналған қауымды тарқатты.

Бұдан бөлек, адамдардың көптеп жиналуына жол берген жоғарыда аталған көкпар ойынының ұйымдастырушысына ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік құжаттар жинақталды. Жинақталған құжаттар заңды шешім қабылдау үшін СЭС-ке жолданды.