Қазақстан • 19 Ақпан, 2021

Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа чат ботты іске қосты

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылдың 18 ақпанда ЕАЭО елдерінен, мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде расталмаған импорт бойынша тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) растау процесін оңтайландыруға мүмкіндік беретін, Telegram мессенджерінде чат-бот іске қосылғанын хабарлады.

Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа чат ботты іске қосты

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды растау үшін мәліметтер жіберілген кезде, чат-бот тауарларды әкелу жүзеге асырылған өткізу пунктінің қызметкерлеріне деректерді автоматты түрде қайта жібереді.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері растаған сәтте, чат-ботқа растау туралы хабарлама келеді.

«Telegram мессенджеріндегі чат-ботқа қосылу үшін
@snt-approval_bot хэштегін теріп, жұмысты бастау және чат-боттың сұрауларын орындау қажет», деп толықтырды Мемлекеттік кірістер комитетінде.