Аймақтар • 19 Ақпан, 2021

Өмірін өнерімен өрнектеген

461 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде «Қазына» би ансамблі десе әуелі топтың көркемдік жетекшісі Зәуре Бекембайқызы еске түседі. Қазақтың ұлттық би өнерін негізін қалаған Шара Жиенқұлованың әдісімен ұлттық өнерімізді дәріптеп, шәкірт тәрбиелеуде аянбай қызмет етіп жүрген тұлғалардың бір әрі бірегейі. Көптің көкейінде бір сұрақ: «Зәуре, Қазына би тобына қай уақыттан бастап жетекшілік етіп келеді?».

Өмірін өнерімен өрнектеген

Би тобының алғашқы құрамы 1986 жылы Әл-Фараби атындағы мәдениет институтының негізінде құрылды. Ол кезде «Қазына» ұлттық саз аспаптарымен бірге болатын. Ең алғашқы би жетекшісі – Сәуле Балбаракова, ал көркемдік жетекшісі – марқұм Мұса Жарқынбеков болған. 1995 жылы ансамбль тарап, 2003 жылы Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филормония негізінде қайта құрылып, би тобына ҚР мәдениет қайраткері Зәуре Әжібекова жетекшілік жұмысын бастады. 2019 жылдан бастап «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК мекемесінде қызмет атқарып келеді.

Зәуре Бекембайқызы жетекшілік ететін «Қазына» би ансамблі талай додаларды бағындырып, облыстық, түрлі республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып Оңтүстік өңірінің атын асқақтатып жүр. Осынау қажырлы еңбегін бағалап 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығы бойынша “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағы берілсе, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірі Алғыс хатымен марапаталды.

Айта кететін жайт, Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен Халықаралық «Ресей Раушаны-2017» өнер фестивалінде «Қазына би» ансамблінің солистері Жеке орындаушы номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алса, Аустрия республикасында 73-ші рет ұйымдастырылған халықаралық фестивальде «Тұмар» және «Қазына» би топтары ұлттық өнерді паш етіп көрермен ықыласына бөленді. Осынау қажырлы еңбектің арқасында көркемдік жетекшінің қосар үлесі зор екені белгілі.