Қоғам • 19 Ақпан, 2021

Елордада волонтерлікпен айналысатын 3000-ға тарта жас бар

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана жастары» еріктілері елдің дамуына септігін тигізетін түрлі мәдени-бұқаралық, әлеуметтік, экологиялық іс-шаралардың басы-қасында қызмет етіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада волонтерлікпен айналысатын 3000-ға тарта жас бар

Елордадағы «Астана жастары» және «Волонтерлер мектебі» жастарды волонтерлікке тегін дайындайды. «Волонтерлік мектеп» әлеуметтік волонтерлік, ТЖ волонтерлері және халықаралық іс-шаралар сынды үш бағытта жұмыс істейді. Ал  «Астана жастары» спорттық, әлеуметтік, EVENT, ECО, ТЖ бағыттарында еріктілік танытуда. Бүгінде мұнда 300 белсенді еріктіден құралған арнайы команда бар.

Жалпы қала бойынша барлығы 3000-ға тарта волонтер тіркелген, 25 волонтерлік ұйыммен ынтымақтастық жүргізілуде.