Бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Атырау облысына жұмыс сапары аясында жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және экобелсенділермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу барысында ведомство басшысы облыс экологиясын жақсарту бойынша белгіленген жоспарларды тиімді іске асыру үшін бірлескен жұмысты күшейтудің маңыздылығына тоқталды.
«Бізді аймақтағы экологиялық жағдай алаңдатады. Атырау еліміздің ең ластанған қалаларының қатарына кіреді. Әрине, бұл жағдайды жақсарту қажет. Бұл маңызды жұмыста сіз сияқты белсенді азаматтар тарапынан қолдау, көмек қажет. Мен қашанда сындарлы диалогқа ашықпын және ашық бола беремін», - деп атап өтті министр.
Мағзұм Мырзағалиев Атырау облысының экологиялық проблемаларын шешу үшін 40 іс-шарадан тұратын Жол картасы әзірленгенін атап өтті. Олардың қатарында жаңа кәріздік тазарту кешендерін салу және ескілерін қалпына келтіру, «Сасық сай» және «Шаршы» булану алаңдарын рекультивациялау, Орал өзенінің бассейнін көгалдандыру, тазарту, сауықтыру және басқа да маңызды іс - шаралар бар.
«Біз Атыраудың экологтарымен, қоғам өкілдерімен бірнеше рет кездестік. Кездесулеріміздің нәтижесі Жол картасын қабылдау болды. Жаңа Экологиялық кодекс те осы бағытта перспективалы мүмкіндіктер ашатынын атап өткім келеді. Ең маңыздыларының бірі – кодекс ірі ластағыштардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп толықтырды экология министрі.
Оның айтуынша, қазірдің өзінде 1-санатқа жататын көптеген кәсіпорындар ең озық қолжетімді технологияларды енгізу бойынша дайындық шараларын жүргізуде, демек, болашақта атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары айтарлықтай азаяды.
Сонымен қатар, министр Атырауда өңірдің барлық негізгі экологиялық проблемаларын тіркеу бойынша фронт-офис ашуды ұсынды.
«Бірлескен жұмыс үшін көптеген құралдар бар. Біздің министрлік жақында құрылды. Бір жарым жыл ішінде ауқымды жұмыс атқарылды, экологиялық мәселелерді шешудің тетігі жасалды. Уақыт өте келе біз Жол картасының, жаңа Экологиялық кодекстің тармақтарын іске асырудың тиімді нәтижелерін көретінімізге сенімдімін», - деп түйіндеді Мағзұм Мырзағалиев.
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар