73 келіде татамиге шыққан отандасымыздың алғашқы қарсыласы франциялық Гуллам Чейн болды. Смағұлов әдіс жасап, қарсыласын уақытынан бұрын "иппон" ұпайымен таза жеңді. Оның келесі қарсыласы молдовиялық балуан Птер Пеливан болмақ.
Айта кетерлігі, әйелдер арасында 70 келіде сынға түскен Зере Бектасқызы алғашқы айналымда-ақ ирландиялық қарсыласына жол берді. Сонымен қатар, ерлер арасында 81 келіде белдескен Мәди Амангелді де қарсыласына есе жіберіп, жарыстан шықты.