Аймақтар • 19 Ақпан, 2021

Таразда қатты жел үйлердің шатырын жұлып әкетті

1683 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында қатты жел соғып, үйлердің шатыры ұшып кеткен. Соның салдарынан жеңіл автокөліктерге айтарлықтай шығын келді, деп хабарлайды Egemen.kz

Таразда қатты жел үйлердің шатырын жұлып әкетті

Бейнежазба қадрларынан құлаған ағаштарды да көруге болады. Қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, қала тұрғындарынан автокөліктерін қауіпсіз орындарға ауыстыруды сұраған. Десе де Instagram желісінде үйдің шатыры көліктерге қалай құлағаны туралы видеолар тарап кетті.

«Қатты желден №16 үйдің шатыры ұшып, №14 үйге қарама-қарсы тұрған көліктердің үстіне құлады. Абай болыңыз», дейді қыз видеода.

Тараз қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Жайдар Құттыбаев: «Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары қалада қатты жел соғуына байланысты көліктеріңізді ағаштар мен қауіпті аймақтарға қоймауларыңызды сұраймыз. Абай болыңыздар! Жаяу жүргіншілерден сақ болуын сұраймыз», деп қала тұрғындарына үндеу жолдады.

Соңғы жаңалықтар