Білім • 19 Ақпан, 2021

Білім министрлігі ҚазҰПУ-ға студенттер үйінің құрылысын қайта қарауды тапсырды

779 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі Абай атындағы ҚазҰПУ-ға студенттер жатақханасының құрылысы жүргізілетін орынды қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Білім министрлігі ҚазҰПУ-ға студенттер үйінің құрылысын қайта қарауды тапсырды

Білім және ғылым министрлігі «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ-қа студенттер жатақханасы құрылысының орнын қайта қарауды тапсырды. Ведомствоның айтуынша, жоғары оқу орны бұл мәселені жергілікті атқарушы органмен бірлесіп қарастыруы қажет.

«БҒМ тапсырмасы бойынша ҚазҰПУ ректоры құрылыс орнын өзгерту мүмкіндігін тағы бір рет қарастырып, осы мәселені әкімдікпен бірлесіп шешу қажет. Жатақхана салу керек, бірақ бұл экология мәселесіне теріс әсер етпеуі тиіс», деді Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.