26 Желтоқсан, 2013

Көкшетаулық шенеунік хатшысына қол көтерді

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 12- motivatorАқмола облыстық жер инспекциясының бастығы Бақберген Қайрат қарамағындағы хатшысына қол көтерді. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.

Жер инспекциясының бастығы мекемеге мас күйінде келіпті. Ашуға мінген шенеунік алдымен қарамағындағы қызметкерлерді балағаттап, мазасын алған екен. Оның бұл әрекетіне олардың еті үйреніп кеткен көрінеді. «Бастықтың ерсі қылығына шыдап жүр едім. Алайда, маған қол көтергеннен кейін сотқа арыздандым»,-дейді хатшы Әйгерім.

Қазір осы келеңсіздікке байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижесі немен аяқталғанын алдағы уақытта қосымша хабарлайтын боламыз.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы.

Фото: Motivators.ru

Соңғы жаңалықтар