Тағайындау • 19 Ақпан, 2021

Қаржы вице-министрі тағайындалды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бахтияр Кожахметов Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі болып тағайындалды.

Қаржы вице-министрі тағайындалды

Бахтияр Дюсенбаевич Кожахметов 1985 жылы туған. 2007 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген; 2009 жылы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, біліктілігі «Ақпараттық жүйелер магистрі»;

2011 жылы – Карлов университеті, Прага қаласы, біліктілігі «Демография және демографиялық зерттеулер магистрі»; 2017 жылы – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, біліктілігі «Құқық бакалавры».

Еңбек жолын 2004 жылғы қаңтарда мемлекеттік емес секторда бастаған. 2005 жылдан 2012 жылдар аралығында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ түрлі қызметтер атқарды. 2012-2013 жылдар аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде басқарма басшысы.

2013-2014 жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымында болды. 2015ж-«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма басшысының орынбасары болып қызмет етті. 2015-2019 жылдары квазимемлекеттік компанияларда түрлі басшылық қызметтер атқарды. 2020 жылғы сәуірден желтоқсан аралығында «Зерде» ҰИХ АҚ Басқарма мүшесі-төрағаның орынбасары лауазымында жұмыс істеді.