Аймақтар • 20 Ақпан, 2021

СҚО-да заңсыз сақталған жеті қару тәркіленді

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда СҚО-да 7292 азаматтық қару иесі тіркелген. Оларда 12270 қару бар, оның ішінде 998-і ойықты. Қарудың қылмыста пайдалану қаупін төмендету мақсатында полицейлер ақпанның 17-сі мен 19-ы аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да заңсыз сақталған жеті қару тәркіленді

Тәжірибе көрсеткеніндей кейбір тұрғындар қаруға арналған сейфтерде бөгде заттарды сақтайды. Бұл тәртіп бұзушылық. Қаруға қатысты құжаттардың өзі бөлек сақталуы керек. Тағы бір қауіпті бұзушылық – жұмыс істемейтін сигнализация.

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның тұрғыны атасынан қалған 16 калибрлі екі ұңғылы мылтықты сақтаған. Полицейлер қару иесі қайтыс болған жағдайда бір айдың ішінде қаруды аумақтық полиция бөліміне сақтауға тапсыру қажеттігі туралы ескертеді, кейін қаруды өз атына ресімдеу немесе сатып жіберу туралы шешімді қабылдау қажет. Қаруды тіркеу бойынша шара қабылдамаған ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» бойынша материал жинастырылды.

«Жалпы заңсыз сақтаудағы 7 бірлік қару алынды. 2,5 мыңнан астам қару иесі тексерілді, оның 60-сы сақтау ережелерін, 17-сі тіркеу және қайта тіркеу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды», - деді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының аса маңызды тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Құрман Мусин.

Солтүстік Қазақстан облысы