Аймақтар • 20 Ақпан, 2021

Атырауда мұз үстінде мас күйде жүрген 7 адам ұсталды

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында Жайық өзеніне қатқан мұз үстінде мас күйде жүрген 7 адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда мұз үстінде мас күйде жүрген 7 адам ұсталды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік полиция инспекторлары Жайық өзенінде бойында рейд жүргізген. Мақсат – Жайық өзеніндегі мұз үстіне шығудың қаупін түсіндіру.

«Алкогольдік ішімдік ішіп, мұз үстінде жүретін азаматтар мен балық аулаушылардың қауіпсіздігі қатты алаңдатады. Өйткені, ішімдік ішкен адамдар өз қимылын қадағалай алмай қалады. Мас адам мұздың ойылуынан суға түсіп кетіп, қаза болуы мүмкін.  Рейд кезінде алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйде жүрген 7 азамат ұсталды» дейді №1 Атырау қалалық полиция бөлімі жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Нұрлыбек Кенжеғұлов.

Оның айтуынша, ұсталғандарға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік хаттамалар толтырылып, әрқайсысына 7392 теңге көлемінде айыппұл салынды.