Аймақтар • 20 Ақпан, 2021

Нөмірі жоқ машинаға басқаныкін салған

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл арасында кейде жол тәртібін өрескел бұзушылық кездесіп қалады. Жуырда СҚО Есіл ауданында полиция «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында отын әкеле жатқан «Урал» жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде оның нөмірлік белгілері басқа көлікке тіркелгені, ал рөлде отырған Қызылжар ауданының 33 жастағы тұрғынында көлік жүргізу құқының болмағаны анықталды. Ол 2014 жылы жүргізуші куәлігінен 6 жылға айырылған. Айыру мерзімі өтсе де, ол жүргізу құқығын қалпына келтірмеген. Ал нөмірді кәсіпорындағы басқа машинаныкін байқамай алып кетіппін деп түсіндірген.

Нөмірі жоқ машинаға басқаныкін салған

Жүк көлігінің иесі Қызылжар ауданының 59 жастағы тұрғыны жүргізуші куәлігі жоқ адамның жүргізуіне сеніп тапсырғаны үшін жауапкершілікке тартылады. Жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды.

Жалпы іс-шара барысында облыс жолдарында 1591 түрлі құқық бұзушылық, оның ішінде 81-і жылдамдықты асыру, 62-сі маневрлеу қағидаларын бұзу фактісі анықталды. 17 жүргізуші масаң күйде рөлге отырған фактілер анықталған.