«Әр бағыт бойынша нысаналы индикаторлар мен мерзімдер, жауапты орындаушылар белгіленді. «Жол картасы» қаланы, аудандар мен ауылдарды қамтиды» деді Махамбет Досмұхамбетов.
«Жол картасында» аймақ тұрғындарының табысын арттыру көзделіпті. Осы мақсатта алдағы бес жылда 10 инвестициялық жоба іске асырылады.
«Ауыл шаруашылығы саласында екі жоба бар. Қызылқоға ауданында жалпы құны 265 млн теңгені құрайтын тәулігіне 2 тонна сүт және сүт өнімдерін өңдеу цехын салу, Құрманғазы ауданынан 200 млн теңгелік заманауи технологиялармен жабдықталған балық өңдеу цехын салу жоспарланып отыр» дейді «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев.