27 Желтоқсан, 2013

Конфессияаралық келісім – ел дамуы кепілдіктерінің бірі

2302 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Қазақстан – ислам, православие, католицизм, протес­тантизм,

буддизм және иудаизм өкілдері келісім мен

бейбітшілікте өмір сүріп жатқан әлемдегі жалғыз жер.

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.

Көпғасырлық тарихи ке­зеңдерде қатталған діни және мәдени көптүрлілігімен ерек­шеленетін Қазақстан тәуелсіздік жылдарында барша әлемге түрлі конфессиялар мен этностардың тату ғұмыр кеше білетіндігін паш етіп келеді. Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім, діндер мен мәдениеттер әлемдік деңгейде мойындалған.

Қазақстан халқының кон­фессияаралық келісім формуласы бүкіл прогресшіл адамзат тарапынан танылды және де бұл модель әлемнің көптеген мемлекеттері үшін үлгі болып қана қоймай, сарапшылар, ғалымдар мен әлемдік деңгейдегі саясаткерлердің ғылыми-зерттеу тақырыбына айналып отыр.

Қазақстан – ислам, православие, католицизм, протес­тантизм,

буддизм және иудаизм өкілдері келісім мен

бейбітшілікте өмір сүріп жатқан әлемдегі жалғыз жер.

Н.Ә.НАЗАРБАЕВ.

Көпғасырлық тарихи ке­зеңдерде қатталған діни және мәдени көптүрлілігімен ерек­шеленетін Қазақстан тәуелсіздік жылдарында барша әлемге түрлі конфессиялар мен этностардың тату ғұмыр кеше білетіндігін паш етіп келеді. Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім, діндер мен мәдениеттер әлемдік деңгейде мойындалған.

Қазақстан халқының кон­фессияаралық келісім формуласы бүкіл прогресшіл адамзат тарапынан танылды және де бұл модель әлемнің көптеген мемлекеттері үшін үлгі болып қана қоймай, сарапшылар, ғалымдар мен әлемдік деңгейдегі саясаткерлердің ғылыми-зерттеу тақырыбына айналып отыр.

Қазақстандықтардың же­тіс­тігінің феномені, әсіресе, біз­дің Отанымыздың және оның халқының тарихынан орын алған. Ал конфессияаралық келісімнің дамуы Ұлы Еуразияның орта бөлігіндегі түрлі өркениеттердің өзара сіңісуі үдерісімен тіке­лей байланыс тапқан. Мемле­кет­ті құраушы этносқа тән дәс­түрлі толеранттылық, оның басқа мәдениеттер мен конфес­сиялардың өкілдеріне деген ізгі құрметі мен қарым-қатынасы өз кезегінде жаңа мыңжылдықта жас зайырлы мемлекеттің сындарлы дамуы мен алдағы кезеңдегі өркендеуі үшін мықты әрі сенімді негіз бола алды.

Тарих жылнамасына енген жылдарда өзара түсіністік, толеранттылық пен келісім не­гізінде Қазақстан халқы тұ­тастығының тұрақты негізі қалыптасты. Оның түп тамыры рухани тұтастықта жатқандығы да еш күмән туғызбайды. Бұл жетістіктердің ауқымдылығы мен тереңдігінің шынайы көрінісі Қазақстан халқы Ассамблеясының XVII сессиясында ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың айтылған сөз­дерімен нақтыланады: «Қазақ­стандық жол ұлттық жетістіктің үлгілік моделіне айналды. Бар­ша қазақстандықтардың ең­бексүйгіштік және тұтастығының нәтижесі, бұл ұлттың нағыз пас­сионарлық оянуы, бұл тек қана қуатты халықтардың ұлы мүмкіндігі».

Бұл анықтама жаһандану үдерісі, болашақтағы әлемнің құрылысы туралы түрлі радикалды тұжырымдардың пайда болуы мен халықаралық құқық негізінің әлсіреуі жағдайында ерекше маңызға ие болып отыр. 2013 жылдың сәуір айында өткізілген Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ мерейтойлық сессиясында Елбасы: «Біз осындай халыққа айналдық және осы биіктікте қа­луға тиіспіз! Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас ха­лық, біртұтас болашақ. ...Алды­мыз­­да үлкен жоспарлар тұр. Олар­ды жүзеге асыру жаһан­дық құбылулардың күрделі жағ­дай­ларында жүретін болады. Оған бүгіннен бастап дайын тұ­рып, халық бірлігін бүкіл күш-жі­гермен бекемдеу қажет», деген еді.

Қазақстанды бәсекелестікке қабілетті 30 ел қатарына қосу­ға бағытталған нақты мақсат­тар мен міндеттер белгілен­ген «Қазақстан-2050» Страте­гия­сының қабылданғанына бір жыл толды. Соңғы жылдары біз қазіргі жаһандану әлемінде мемлекеттер, қоғам, адамдар ара­сындағы жаңа шиеленістердің қайнарына айналған көптеген бағыттарға, атап айтсақ, өңір­лік және конфессиялық, әлеу­мет­тік және мәдени, тілдік және этностық бөлінулерге куә бо­лудамыз. Қазақстан халқы «Қа­зақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру барысындағы осы жаңа әрі күрделі жағдайларда, біз еуразиялықтың танымал зерттеушісі Лев Гумилевтің «ұлт­тық алуандылық – адамзат бала­сының өмір сүруінің тиімді түрі», деп айтқан сөзін еске ала оты­рып, Қазақстан қоғамының конфессиялық көптүрлілігін қо­ғам пайдасына айналдыруымыз қажет.

Мемлекет басшысы Қазақстан­ның болашағын тұжырымдай отырып, зайырлы мемлекет ел халқының тарихи таңдауы болғанын ерекше ескертті және қоғам назарын мемлекеттің, қоғам мен діннің өзара тиімді әрекеттестігінің үлгісін іздеуге бағыттады. Қазақстан кез келген экстремизмге түбегейлі қарсы бола отырып, дәстүрлі діндерді қолдайды.

«Қазақстан-2050» Стратегия­сы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қа­зақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан – зайырлы мемле­кет. Азаматтарды ар-ождан бос­тандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет, дегенмен, қоғамға өз бетінше біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады», деп ерекше атап өтіледі. Сол себепті де, мемлекеттік құры­лымдар мен Қазақстан қо­ғамы алдында этносаралық және конфессияаралық келісім не­гізінде зайырлы, толерантты қоғамды әрі қарай дамыту идея­сын жүзеге асыру секілді ма­ңыз­ды әрі жауапты міндеттер тұр.

Мемлекет басшысы­ның: ­«...Біз зайырлы қоғам дәстүріне ие екендігімізді және Қазақ­стан­ның зайырлы мемлекет екендігін ұмытпауымыз қа­жет», деген сөздерінің астарында «зайырлылық» катего­риясын барша Қазақстан хал­қы­ның көп қырлы әлеуметтік-қоғамдық өміріндегі терең әрі мәнді константа етіп көрсетуге ұмтылушылық жатқаны анық. Мұндай саяси, мәдени және рухани басымдылықтар мен қоғам дамуының құндылықтарын айқын­дайтын қағидаттар Қазақ­стан Республикасы Конститу­циясының 1-бабында жазыл­ғандығы баршамызға белгілі. Ал осы негізгі құжаттың сәйкес тараулары адамның өз діни сенімін ұстануға еркіндігі мен құқығын бекітетін ережелерден тұрады.

Қазақстанның зайырлы сипаты «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның нор­маларындағы сенім бостандығы, діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлек болуы, мемлекеттік немесе жалпыға міндеттелген арнайы діннің болмауы, діни ұйымдардың заң алдындағы теңдігі, кейбір әлеуметтік мәсе­лелерді шешуде мемлекет пен діни ұйымдардың өзара әрекеттестігі секілді мәселелер олардың нақты белгілері арқылы айқындалады.

Осы орайда, бүгінгі таңда 140 этнос пен 17 конфессия өкілдері өмір сүретін біздің республикамыз үшін тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап конфессияаралық келісімді нығайту мемлекеттің ішкі саясатындағы басты міндет ретінде белгіленген. Осындай қадамның арқасында бүгінде Қазақстан барша әлемге толерант­тылықтың жарқын үлгісін көрсетіп отыр.

Тәуелсіздік жылдарында­ дәс­түрлі рухани және діни құндылықтар қайта жаңғырып, ескі ғибадат орындары: мешіттер, шіркеулер, құлшылық үйлері мен синагогалар қайта қалпына келтірілсе, кейбіреулері жаңадан бой көтерді. Құрбан айт және Рождество діни мерекелері Қазақстанда демалыс күндері болып жарияланды. Осылайша, Қазақстанда діннің этностық және саяси қауымдастыққа қар­­сы тұратын бәсекелестік ба­ғыт­тағы сәйкестенуге емес, ке­рісінше, қоғамға қайталан­бас әралуандылық сипат пен­ өзіндік ерекшелік беріп, қа­зақ­­стандықтардың рухани­ мәдениетін байытушы элемент ретінде көрініс табуына ал­ғы­шарттар жасалды.

Қазақстанның жалпы тари­хи өткені мен этностардың этно­мәдени дәстүрлері діни дәстүрдің қалыптасуында айтарлықтай ықпалға ие болды. Зерттеушілер, олардың маңызды айқын сипаты ретінде діндердің бір-біріне жақындасуға деген ұмтылыстарын көрсетеді. Бұл үдерістер елімізде жүргізіліп отырған зайырлылық ұстанымдары, мемлекет пен оның институттарының конфессиялық бейтараптық сипаттары, адам мен азаматтардың діни сенімдеріне немесе діни және зайырлы ұйымдарға мүше болуына қарамастан құқықтарының теңдігі мен еркіндігі, қазақстандық тұрғындардың этномәдени дәстүрлерін, әртүрлі топтардың қауымдық менталитеттік ерекшеліктерін құрметтеу, мем­лекеттік билік пен басқарудың барлық деңгейінде ар-ұждан және діни сенім бостандығы саласындағы саясаттың ашық түрде жүзеге асырылуы секілді негізгі біріктіруші қағидаттарға құрылған мақсатты әрі сындарлы саясаттың заңды және қисынды жалғасы екендігі сөзсіз.

Қазақстанда бүгінгі күнде мемлекет пен діни ұйымдардың өзара қарым-қатынасы дінді ұстанушылардың еркіндігі мен құқығын құрметтеу қағи­даттарына, қоғамдық және діни ынтаға, серіктес болу қарым-қатынасы мен өзара түсінушілікке деген ұмтылысқа негізделген. Әрине, жоғарыда айтылғандардың барлығы Мемлекет басшысының мақсатты түрде жүзеге асырған саясатының нәтижесі екендігі даусыз. Бұл ретте, мемлекеттің ықпалды саясаты мен конфессия көшбасшыларының жеке жауапкершіліктерінің арқасында елімізде этносаралық шиеленістер мен діни қайшылықтарға жол берілген жоқ. Ал осы жайт туралы сөз қозғағанда, діни бірлестіктер зайырлы Қазақстанның әлеумет­тік құрылымының ажырамас бөлігі, азаматтық қоғамның маңызды институттарының бірі екендігін басты назарға алу қажет. Осы орайда, бүгінде өзара түсіністік, толеранттылық пен ынтымақтастық, конфес­сия­аралық тосқауылдарды бір­лесе отырып жеңу мен муль­ти­мәдениетті әлемнің қатерлеріне қарсы тұру аса маңызды мәселе болып табылады.

Сәйкесінше, мемлекет дін ұстанушылар мен діни бір­лестіктердің қоғамға қыз­меті мен адамдар игілігі үшін ат­қарылатын әлеуметтік жұмыс­тарына қолдау көрсетіп оты­рады. Ал әлеуметтік мәселелерді шешуде, жекелей алғанда, маскүнемдікпен және нашақорлықпен күрес, қылмыстың алдын алу, саламатты өмір салтын қалыптастыру, отбасын нығайту және қоғамда рухани-өнегелік ахуал қалыптастыру маңызды рөл атқарады. Мемлекет діни бірлестіктерге мәдени және тарихи құндылықтарға ие культтік ғимараттар мен ғибадат үйлерін жөндеу мен қайта жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруға көмек көрсетеді. Өз кезегінде, діни бірлестіктер аз қамтылған, науқас, мүгедек жандарға, зейнеткерлерге және балалар үйлеріне арнап, қайырымдылық шараларын өткізеді.

Қазақстан Президенті мемлекет Конституцияны, заңнамаларды сақтау мен ел бірлігін нығайтуға қатысты мәселелерде ешқандай бөлінушіліктерге жол бермейтін­дігін ерекше атап өтеді. Сол себепті, мемлекет еліміздегі барлық конфессиялардың қызмет етуі үшін қажетті құқықтық кеңістікті дамыта отырып, өзі де мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қатынастарда заңдық тұрғыдан бекітілген нормаларды қатаң сақтайды.

Алдағы жылдарда да дін саласындағы мемлекеттік органның қызметі қоғамдық санада мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайту мен «Қазақстан-2050» Стратегия­сы­ның жасампаз міндеттерін жүзеге асыруға тұрғындардың кейбір топтарының қатыспай қалуын болдырмау үшін қо­ғам­дық және діни мүдделер ара­сындағы дұрыс тепе-теңдікке қол жеткізу, сондай-ақ, радикалды діни идеологияларды жою бағытында шоғырланатын болады. Бұл міндеттерді қоғамда жүзеге асыруда екі онжылдықтан бері Отанымыздың сенімді тірегі ретінде қызмет атқарып келе жатқан келесідей негізгі идеялар басшылыққа алынатын болады:

- бірлік, келісім және өркендеу – біздің басты құндылықтарымыз;

- Қазақстан – толерантты қоғамды зайырлы мемлекет;

- отансүйгіштік, ұлттық дәстүр және мәдениет – ұлттың рухани негізі.

Рухани-діни құндылықтар қоғамда толеранттылық пен түрлі конфессия өкілдері арасында өзара сыйластықты қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму мақсаттарының негізін қалыптастыруы тиіс.

Марат ӘЗІЛХАНОВ,

Қазақстан Республикасы

Дін істері агенттігінің төрағасы.

 

Соңғы жаңалықтар