Тағайындау • 22 Ақпан, 2021

Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасына жаңа басшы келді

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысы Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы болып Азамат Байтенов тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодар облысының Ақпарат және қоғамдық даму басқармасына жаңа басшы келді

Азамат Байтенов 1987 жылы Павлодар облысының Успен ауданында дүниеге келген. 2009 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2012 жылы осы жоғары оқу орнынан тарих магистрі дәрежесін алды. Еңбек жолын 2009 жылы №3 Успен орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2011-2012 жылдары Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінде жұмыс істеді. Содан кейін Павлодар әкімдігіне жұмысқа ауысып, онда 2014 жылға дейін баспасөз қызметін басқарды.

2014 жылы «Pavlodarnews.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы болды. Сол жылы Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы лауазымына оралды. 2015 жылы Азамат Байтенов Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары болып тағайындалды.

2016-2019 жылдары Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметін басқарды. 2019 жылдан 2020 жылға дейін облыстың Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдың сәуір айында «Ертіс Медиа» ЖШС директоры болып тағайындалды.