Қазақстан • 22 Ақпан, 2021

«Tynda» мобильдік қосымшасы іске қосылды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАқпарат» ХАА» АҚ «Tynda» мобильдік қосымшасын іске қосты. Онда қазақ және әлем әдебиетінің жауһарлары, заманауи әдеби-танымдық туындылар қазақ тілінде ұсынылған.

«Tynda» мобильдік қосымшасы іске қосылды

Мобильдік қосымшаны дәл қазір (Android, iOS нұсқалары үшін) Play Market және App Store желісінен жүктеп алып, электронды және аудиокітаптарды онлайн-офлайн нұсқада оқып, тыңдауға болады.

«Tynda» мобильдік қосымшасы «Классикалық проза», «Классикалық поэзия», «Дала дауысы», «Абай әлемі», «Әлемдік классика» атты таңдаулы топтамалар мен «Роман», «Хикаят», «Әңгіме», «Эссе», «Балалар әдебиеті», «Сатира», «Поэма», «Өлең», «Пьеса» және өзге де жанрлардан тұрады.

Сондай-ақ, ұнаған кітаптарды «Менің кітаптарым» бөліміне сақтап, «Менің сөрелерім» бөлімінде жеке кітапханаңызды жасақтауға мүмкіндік бар. Ал «Оқылым статистикасы» бөлімінде апта, ай немесе жыл бойы оқылған кітаптың беттер саны, оқу жылдамдығы мен оқу уақытының статистикасы көрсетіледі.

«Айдың жаңа кітаптары», «Сізге ұнауы мүмкін», «Көп ізделген» сияқты айдарлардан оқырман мен тыңдаушы жаңа әрі сұраныстағы кітаптарды таба алады. Атаулы жоба төл әдебиетімізді насихаттауды бір ғана тетікпен жүзеге асыруды, жаңа шығарманы, кітапты жылдам әрі оңтайлы жолмен таратуды, кітапқұмар оқырманның уақытын үнемдеуді көздейді.