Жұқпалы індеттің жаппай таралуы бәсеңдегенмен, босаңсуға әлі ерте. Өйткені, қауіпті вирустан зардап шеккен науқастардың жағдайы өңірлердегі алдын алу мен сақтық шарасына немқұрайлы қарауға болмайтынын көрсеткендей, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәселен, Алматы облысында коронавирус індетіне шалдыққандардың жалпы саны 9781 адамға жеткен екен. Оның ішінде 3976 науқастың қауіпті вирусты тасымалдаушы екені анықталған. Қуаныштысы, дер кезінде жасалған шаралар індеттің жаппай таралуына тосқауыл болып, науқастардың сауығып шығуына жәрдемін тигізді. Осы жерде жетісулық дәрігерлер мен санитарлық қадағалау қызметінің мамандарының еңбегіне ерекше ризашылық білдірген орынды болар еді.
Қазір өңірдегі эпидемиялық жағдай тұрақты. Облыс «жасыл» аймақта. Соңғы екі апта аралығындағы індеттің анықталу деңгейі 0,8 пайыздан төмендеп, 0,6 пайызды құрапты. Жағдайдың тұрақтануы шектеу шараларын жеңілдетуге мүмкіндік беріп отыр.
– Аймақтағы мешіттердің 30 пайызға дейін жамағат жинауына рұқсат етілді. Яғни, құлшылық орындарында 100 адамнан аспайтын топпен намаз оқуға болады. Оның ішінде ауылдық жерлерде жұма намазы оқылады, бірақ адам саны 150 келушіден аспауы тиіс деген талап бар. Ал карантин талаптарына сәйкес орын саны елуден аспайтын қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, аялдамалар мен қоғамдық көліктерде азаматтардың жаппай жиналуын болдырмау мақсатында адам саны 250 жұмысшыдан асатын жұмыс орындарына қызметкерлерді тасымалда үшін мекеменің қызметтік көлігін пайдалану ұсынылады. Және штат кестесінде отыздан асатын қызметкер болса, олардың 50 пайызы қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Біз осындай шара арқылы індеттің таралуын тоқтата аламыз, – дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Шарапиев.
Айтпақшы, коронавируспен күреске жаппай жұмылған облыс дәрігерлері туралы айтқанда ауылдағы ақ желеңді абзал жандардың еңбегіне ерекше тоқталуымыз керек сияқты. Өйткені, пандемия кезінде шалғайдағы емханалардың мүмкіндігі мен мамандардың біліктілігі бірінші сынға түскені белгілі. Бұл емханалардағы жағдай орталықтағыдай жоғары деңгейде болмаса да, науқасқа көмек беру тұрғысынан алғанда ерлікке бергісіз еңбек жасалғаны анық. Сондай ұжымның бірі – Талғар ауданындағы Панфилов ауылындағы аурухананң дәрігерлері. Індеттің бірінші толқынында провизорлық орталық қызметін атқарған медиицналық мекеме қазір инфекциялық бөлімше ретінде жұмысын жалғастыруда. Мұнда 60 төсек орын бар екен. Осы сәтте короновирус індетіне шалдыққан 49 науқас ем қабылдап жатыр.
- Біздің аурухана осыдан бір жыл бұрын коронавирус індетімен күресу мақсатында қайта жасақталып, жедел қызмет көрсетуге кірісті. Демек, біз ауылдағы аурухана ретінде тоқтаусыз жұмыс істеп, жылға жуық уақыт бойы қауіпті вируспен күресіп келеміз. Былтыр наурыз айынан бастап қыркүйектің ортасына дейін провизорлық бөлімше болдық. Одан бері инфекциялық бөлімше ретінде науқастарды емдеудеміз. Бүгінде бөлімшедегі 49 науқасқа вирусты өкпе қабыну деген диагноз қойылып, ем-шара жасалуда. Олардың арасында жеті науқастың ПТР талдауының қорытындысы оң нәтиже көрсетті, олар оқшауланған. Ал жағдайы ауыр 5 науқасты аудандық ауруханың жансақтау бөліміне жөнелттік, - дейді Панфилов ауылдық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Зухра Тілепбергенова.
Ауылдағы аурухана деген аты болмаса, бұл бөлімшеде алғашқы көмек көрсетуге қажетті медициналық құрал-жабдықтың барлығы бар. Мұнда өкпені жасанды желдететін 3 аппарат пен 8 оттегі конденсаты іске қосылған. Дәрі-дәрмек қоры да жеткілікті. Бөлімшедегі 8 білікті дәрігер мен 12 мейірбике адам жанына араша түсуге әрқашан дайын. Жалпы, осы шағын бөлімшеде өткен мерзімде 619 науқас емделіп, індеттен құлан таза айығып шыққан екен.
Көмір индустриясындағы маңызды келісім
Экономика • Бүгін, 07:59
Аяқ киімді цифрлы таңбалау енгізіледі
Технология • Бүгін, 07:49
Жеке куәліктің қажеті болмайды
Саясат • Бүгін, 07:47
Көлік құралының электронды паспорты
Технология • Бүгін, 07:45
Сот орындаушылары шектен шығып жүрген жоқ па?
Саясат • Бүгін, 07:43
«Абай әлемі – адастырмас шамшырақ»
Абай • Бүгін, 07:37
Қай елдің сардарларын даярлап жүрміз?
Аймақтар • Бүгін, 07:30
Қоғам • Бүгін, 07:24
Мықты аймаққа – мықты университет
Білім • Бүгін, 07:23
Малын бағар жайылымы жоқ шаруа қайтіп күн көрер?!
Қоғам • Бүгін, 07:20
Электронды сауда экспортты арттыра ала ма?
Экономика • Бүгін, 07:15
Қазақстан-Ресей: Өзара қатынас стратегиялық серіктестік қағидаттарына негізделген
Оқиға • Бүгін, 07:12
Бокс: Төрт тастүлек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 00:16
«Адырна» журналы жұмысын уақытша тоқтатты
Оқиға • Кеше
Өнер • Кеше
• Кеше
Ұлы дала өркениеті бастау алған байырғы мекен
Руханият • Кеше
Медицина • Кеше
Қытай Таяу-Шығыстың гегемонына айнала ма?
Әлем • Кеше
«Б» жоспары дағдарысқа қарсы қалқан бола ала ма?
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Big Tech компанияларының қаржылық мәселесі
Бағдарламалар • Кеше
Александр Бублик Барселона турнирін жеңіспен бастады
Спорт • Кеше
Студенттер тұрмыстық вагонды қолды қылған
Аймақтар • Кеше
ШҚО-да мемлекеттік қызметшілердің 64 пайызы әйелдер
Аймақтар • Кеше
Солтүстік Қазақстанда 740 оқушы коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Кеше
Шығыс Қазақстан: 70-ке жуық заң бұзушылық анықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда банкет залдары мен караоке жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда Малшылар күні пайда болуы мүмкін
Қоғам • Кеше
2025 жылға қарай 246 ауылға газ тартылады
Қазақстан • Кеше
Нұр-Сұлтанда кинотеатрлар жұмысын қайта бастады
Кино • Кеше
Сайрамда тойхана спорт кешеніне айналды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
2024 жылға дейін 19 құс фабрикасы салынады
Қазақстан • Кеше
Биыл 480 ауылды дамытуға 105 млрд теңге бағытталады – ҰЭМ
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрін қабылдады
Президент • Кеше
Шымкентте карантин талаптары күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Мағзұм Мырзағалиев: Теміртау экологиясы – өте маңызды мәселе
Экология • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Жазушы Шыңғыс Айтматовтың жары бақилық болды
Әлем • Кеше
Нұр-Сұлтанда 16 жастағы қыз көпірден секіріп кетті
Қоғам • Кеше
БҚО-да ҰОС ардагерлеріне миллион теңгеден беріледі
Аймақтар • Кеше
Футболда ел атауын жейдемен бүркемелейміз бе?
Спорт • Кеше
Петропавлда мас жүргінші әскери жасаққа шабуыл жасады
Аймақтар • Кеше
Ауа райы • Кеше
Досын өлтірген павлодарлыққа үкім шықты
Аймақтар • Кеше
Қазақстандық таеквондошы Испанияда жүлде алды
Спорт • Кеше
Атырауда жоғалған 4 жасөспірім табылды
Аймақтар • Кеше
26 сәуірден бастап Түркияға ұшатын рейстер қысқарады
Қазақстан • Кеше
Елордада күніне 650-ге жуық адамнан вирус анықталады
Коронавирус • Кеше
Елорда мен Шымкентте жылжымайтын мүлікке кепілді электронды тіркеуге болады
Бағдарламалар • Кеше
Футболдан ҚПЛ ойындарының алтыншы туры аяқталды
Спорт • Кеше
Нотариаттық құпия ұғымы анықталды
Үкімет • Кеше
Қазақстанның 10 боксшысы жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Жамбыл облысында кадрлық тағайындаулар жиі орын алуда
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар