Аймақтар • 22 Ақпан, 2021

ШҚО Бас дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 ақпандағы №4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 22 ақпандағы №4-1 қаулысы шықты.

ШҚО Бас дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Аталмыш құжатта Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 ақпандағы № 4 қаулысына өзгерістер енгізу қажеттігі айтылған.

Атап айтқанда Үржар, Бородулиха, Шемонаиха, Зайсан аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы «Ауыл», «Уба», «Бақты», «Майқапшағай» (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекеттің жұмыс істеуін қамтамасыз етуі керек. Құжаттың толық мәтінін мына жерден оқуға болады.