Ел азаматтары зейнетақы жинағындағы қаржысын жеке компаниялар басқаруына бере алады. Осыған орай Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі зейнетақы қаржысын басқаруға лайықты компаниялар тізімі мен оларға қойылатын талаптарды жария етті.

– Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиясы бар, кемінде 3 млрд теңге мөлшеріндегі меншікті капиталы, соңғы үш жылда клиенттердің 5 млрд теңге мөлшеріндегі активтерін басқару тәжірибесі бар, сондай-ақ соңғы екі жыл ішінде шығынға ұрынбаған компанияларға беруге болады, – деген еді агенттік төрағасының орынбасары Мария Хаджиева.
Агенттік елдегі инвестициялық портфельді басқару лицензиясы бар 18 компания арасынан алтауын таңдап алған. Олар – Jysan Invest және First Heartland Capital, Halyk Global Market, Halyk Finance, BCC Invest, Centras Securities. М.Хаджиеваның айтуынша, басқарушы компанияларды тізімге қосу олар зейнетақы активтерін басқару бойынша қызмет көрсетеді дегенді білдірмейді. Шешімді компанияның өзі немесе акционерлер қабылдайды. Зейнетақы жинақтарын бұл компаниялардың басқаруына беру үшін олар сенімгерлік басқаруға және кастодиандық қызмет көрсетуге шарттар жасауы қажет. Алдымен БЖЗҚ өзінің ресми сайтында өзі сенімгерлік басқаруға шарттар жасаған басқарушы компаниялардың тізімін жариялайды. Содан кейін ғана салымшылар өз жинақтарын бұл компаниялардың басқаруына аударуға құқылы.
Компанияларды таңдау кезінде портфельді инвестициялау және әртараптандыру тәуекелдерін барынша азайту көзделген. Реттеуші (агенттік) зейнетақы активтерін қаржы құралдарының бір шығарылымына инвестициялау лимиттерін белгіледі – облигациялар үшін зейнетақы активтерінің 50 пайызынан аспайды және акциялар үшін 10 пайызынан аспайды, сондай-ақ бір ұйым және оның үлестес тұлғалары шығарған қаржы құралдарына 10 пайыздан аспайды.
«Валюта түрлері бойынша қаржы құралдарының теңгерімді портфелін қалыптастыру үшін шетел валютасымен номинирленген қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері көзделеді: бұл зейнетақы активтерінің 50 пайызынан көп емес. Бұл ретте зейнетақы активтерін қандай да болсын қаржы құралына инвестициялаудың нақты лимиттері басқарушы компания бекітетін инвестициялық декларацияда белгіленетін болады» делінген агенттік хабарламасында.
– Зейнетақы активтерін басқаруды жоспарлап отырған жеке басқарушы компаниялар қазірдің өзінде сенімді басқару келісімшарттарын жасау бойынша БЖЗҚ-мен жұмысты бастап кетті. Келесі аптада бұл опция салымшылар үшін қолжетімді болады, – дейді агенттіктің бағалы қағаздар нарығы департаментінің басшысы Еділ Медеу.
Қысқасы, агенттік зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беру мәселелерін регламенттейтін тиісті қаулыларды қабылдаған. Ол бойынша инвестициялау стратегиясын басқарушы компанияның өзі айқындайды. БЖЗҚ салымшылар мүддесін қорғайды. Салымшылар зейнетақы жинақтарын бір басқарушы компаниядан екіншісіне жылына бір реттен артық бере алмайды. Бұл ретте жинағын Ұлттық банктің басқаруына тек екі жылдан соң ғана қайтара алады.
– Зейнетақы активтерін инвестициялаудан ықтимал шығындарға байланысты не операциялық қызмет барысында туындайтын тәуекелдерді барынша азайту мақсатында, реттеуші белгілеген негізгі талаптардың бірі – басқарушы компаниялардың меншікті капиталына қойылатын талап. Басқарушылар сенімгерлік басқаруға қабылдаған зейнетақы активтері кірістілігінің ең төмен деңгейін қамтамасыз етуге тиіс. Егер компания көрсеткіші кірістіліктің ең төмен мәнінен аз болса, басқарушы компания бұл теріс айырманы өз капиталының есебінен өтеуі тиіс. Өз кезегінде, кірістіліктің ең төмен деңгейі барлық жеке басқарушы компаниялардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің номиналды кірістілігінің орташа алынған коэффициентінің 70 пайызы деңгейінде белгіленеді, – деді М.Хаджиева.
БЖЗҚ деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтары бар 829 368 адам зейнетақы жинақтарының бір бөлігін БЖЗҚ-ға жеке басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға беру құқығын пайдалана алады.
Зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беру құқығын ұсыну БЖЗҚ салымшыларының өздерінің жинақ ақшасын басқаруға деген мүдделілігін арттырады, қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарына институционалдық сұранысты ынталандырады және жалпы алғанда экономикаға оң әсер етеді деп бағаланып отыр.
– Осыған дейін айтылғандай, валюта құралының портфелдің 50 пайызынан аспау керек екенін, барлық тәуекелдің компанияға тиесілі екенін, ал мемлекеттік кепілдің болмайтынын ескере отырып басқарушылар салымшыларға БЖЗҚ ұсынып отырғаннан өзгеше болатындай агрессивті стратегия ұсына алмайды деп байлам жасауға болады. Капиталға қойылып отырған қатаң талап және оны шектеулі комиссиясы бар жиынтық орташа кіріспен жабу жеке басқарушыларға демотивация болады, сондай-ақ салымшылар үшін инвестициялауға ешбір нұсқа қалдырмайды, – дейді EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясының сарапшысы Андрей Чеботарев.
Агенттік хабарлауынша, зейнет жасына жетпеген, жинағындағы қаржысы мемлекет бекіткен жеткілікті мөлшерден асатын, сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті келісімшартын жасаған азаматтар (компания оларды өмір бойы аннуитетті төлеммен қамтамасыз етеді) өз қаржысын жеке компаниялардың басқаруына бере алады. Салымшы зейнетақы жинағын компанияға аудару үшін алдымен БЖЗҚ-ға хабарласады немесе электронды өтініш жолдайды. Жинақты тексеріп шыққан зейнетақы қоры қаржыны компания шотына 30 күн ішінде аударады. Зейнетақы жинағының қалған бөлігі Ұлттық банк бақылауында қала береді.
Сондай-ақ көпшілікті «жеке компанияға аударған қаржымды инфляция «жұтып» қоймай ма?» деген сауал да мазалауы мүмкін. Сол үшін салымшылардың да өз инвестициялық қаражатын басқаруына мүмкіндік беріліп отыр. Сіз өзіңіздің жеке зейнетақы жоспарыңызды құрып, өз қаржыңызды инвестициялаудың және табыс табудың балама саясатын таңдауға құқылысыз. Инвестициялық портфельді басқарушыны және инвестициялық стратегияны таңдай отыра салымшы тәуекелді өз мойнына алады. Бұл бірінші кезекте зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдіктің басқарушы компанияның кепілдемесімен ауыстырылуымен байланысты. Бұл кем дегенде зейнетақы активтері табыстылығының минималды деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада топырақ басып қалған екі жұмысшы құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 15:03
Экология министрлігі аң аулау ережелерінің талаптарын бұзудағы жауапкершілік туралы ескертті
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Нұр-Сұлтанда базарлардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Төтенше жағдай инспекторлары кәсіпорындардың жұмысын тоқтату құқығына ие болды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Forte Challenger турнирінде 3 қазақстандық спортшы жұптық сында ширек финалға өтті
Спорт • Бүгін, 12:04
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі
Білім • Бүгін, 11:57
Қостанай облысында ақылы жолдар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Түркістан облысында цирк, бильярд клубтары жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Түркістан облысында 62 жобаны іске қосу көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 11:23
«Екібастұздың» бас бапкері орнын босатты
Футбол • Бүгін, 11:23
Дубайда Рамазан айына дейін бірқатар шектеу енгізілді
Әлем • Бүгін, 11:21
«Астана балет» театры гала-концерт өткізеді
Театр • Бүгін, 11:13
Қазақстандықтар жеңілдік сертификаты арқылы 6 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 11:09
ММА-ден 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:07
2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?
Қазақстан • Бүгін, 11:04
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Қоғам • Бүгін, 11:00
Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған желілер мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?
Қаржы • Бүгін, 10:33
2025 жылға дейін 11 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарлануда
Қазақстан • Бүгін, 10:22
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:20
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов өмірден өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық
Аймақтар • Бүгін, 10:15
3 миллион қазақстандық медициналық сақтандырудан неліктен тыс қалды?
Медицина • Бүгін, 10:14
«COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы қандай көмек береді?
Қоғам • Бүгін, 10:10
Шымкенттегі «Аzala Тextile» - Қазақстандағы көшбасшы кәсіпорындар қатарында
Экономика • Бүгін, 10:10
Мемлекет басшысы елді дамытуға үлесін қосқан әйелдерге бейнеүндеу жолдады
Президент • Бүгін, 10:09
Нұр-Сұлтанда АХАТ органдарының 100 жылдығы аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Полиция алаяқтардан сақтануды ескертті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Алматылық сақшылардың жеңілдікпен пәтер алуға мүмкіндігі бар
Қоғам • Бүгін, 09:37
Қоғам • Бүгін, 09:26
Шымкентте үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік қызмет көрсетуде белсенділік танытуда
Аймақтар • Бүгін, 09:19
Атырауда 27 жастағы жігіт бірнеше жерге есірткі жасырған
Қоғам • Бүгін, 09:12
Өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспары қайта жасақталды
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Лисаков қаласында теннис орталығы пайдалануға беріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Төрт күнде тұрмысы қолайсыз 400-ден астам отбасы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 09:07
Қазақстанда коронавирустан 800-ден аса адам емделіп шықты
Қазақстан • Бүгін, 09:03
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 804 адам анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:58
Ақ халаттылардың абзал бейнесі
Руханият • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:39
Руханият • Бүгін, 08:38
Аймақтар • Бүгін, 08:37
Спорт • Бүгін, 08:36
Ұқсас жаңалықтар