Қоғам • 23 Ақпан, 2021

Түрік тілін тегін үйреніп Түркияға сапарлауға болады

1356 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы қос бауырлас ел Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайту мақсатында ақысыз түрікше курс ашып, сол арқылы Түркияға сапарлауға мүмкіндік беріп отыр, деп жазады Egemen.kz

Түрік тілін тегін үйреніп Түркияға сапарлауға болады

Осы жылы Юнус Эмренің өмірден озғанына 700 жыл толуына байланысты ЮНЕСКО тарапынан ұлы ақынды еске алу жылы деп бекітілген болатын. Әлем жұртшылығы түрік тілі мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан Юнус Эмрені еске ала отырып, әртүрлі шараларда оның шығармаларымен жақыннан танысады.

Осыған байланысты 30 қаңтарда Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Эрдоған 2021 жылды «Юнус Эмре және түрік тілі жылы» ретінде атап өту туралы жарлыққа қол қойды.

Сондай-ақ, 2021 жылы бауырлас ел Қазақстанның Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Осы үш атаулы оқиғаға орай, Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы онлайн форматта ақысыз түрікше курс ашып, 30 Қазақстан азаматына Түркияға сапарлауға мүмкіндік береді.

Тіркелу 28 ақпанда аяқталатын онлайн курсқа Казақстанның кел келген аймағынан жасы 18-ге толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сондай-ақ тіл курсыеа кез келген деңгейде түрікше білетін Қазақстан азаматтарының да қатысуына мүмкіндік бар. Жалпы көлемі 72 сағаттан тұратын курсқа тіркелгендерге наурыздың алғашқы аптасында электронды пошталарына деңгей анықтау емтиханына қатысу туралы хабарлама келеді. Курс маусым айында аяқталады.

Айта кетейік, сыйлық ретінде берілетін 30 билет Түркияға ұшатын халықаралық бағыттағы, яғни Алматы немесе Нұр-Сұлтаннан ұшатын авиарейстерге тиесілі.

Курсқа қатысу және сыйлыққа ие болу шарттары туралы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының әлеуметтік желі парақшаларынан (фейсбук, инстаграм және твитер @YEENursultan ) толық түрде мәлімет алуға болады.
Телефон: 87775339130