Әлем • 23 Ақпан, 2021

Үндістанға экспорт 26,7%-ға өсті

374 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда еліміздің Сауда және интеграция вице-министрі Қ.Төребаев Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумардың Қазақ­стан­дағы миссиясы мерзімінің аяқталуына байланысты онлайн-форматта кездесу өткізді.

Үндістанға экспорт 26,7%-ға өсті

Тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы екі­жақ­ты сауда-экономикалық ынтымақ­тастықтың түрлі мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ Қазақстандағы елші мырза­ның қызметі кезеңіндегі бірлес­кен жұмыстың нәтижелерін талқылады.

Келіссөздер барысында өткен жылдың қыркүйек айын­д­а Cауда-экономикалық ын­ты­мақтастық жөніндегі бір­лес­кен жұмыс тобының 7-оты­ры­сының сәтті өткізілуі атап өтілді, сондай-ақ сауда-эко­но­микалық және ғылыми-тех­ни­калық ынтымақтас­тық жөнін­дегі Қазақстан-Үнді­стан Үкімет­аралық комис­сиясының 14-отырысына дайындық жұмыстары тал­қы­ланды. Қазақстан-Үнді­стан ынты­мақтастығы тараптар өзара іс-қимылдың барлық ба­ғыттары бо­йын­ша өзара тиім­ді байла­ныстар серпінін қолдау үшін барлық күш-жігерін жұм­сауы­ның нәтижесінде өрлемелі сы­зық бойынша дамуда.

Бұдан басқа Қазақстан мен Үндістан арасындағы 2020 жыл­ғы тауар айналымының көлемі 2,4 млрд долларды құрады, бұл алдыңғы жылдың көрсеткішінен 27,3%-ға жоғары (1,9 млрд доллар). 2020 жылы Қазақстаннан Үндістанға экспорт 26,7%-ға өсіп, 2 млрд долларды құрады. Бұдан басқа Қазақстан мен Үндістан арасындағы сауда көлемін қолдау және ұлғайту үшін қазақстандық сарапшылар Қазақстаннан Үндістан нарығына шығарылуы мүмкін әлеуетті тауарлардың тізбесін дайындады. Бұл жалпы сомаға алпыстан астам өнім атауы 271,4 млн долларды кұрайды. Металлургия, тамақ, машина жасау, химия салаларының өнімдерін, сондай-ақ құрылыс тауарларын және т.б. жеткізуді ұлғайту мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ «Қазақинвест» АҚ және үнді тарапымен бірлесіп өткізілген семинар талқылан­ды, оның тақырыбы Үндістан­ның Орталық Азия елдерімен экономикалық ынты­мақтастықты ұлғайту мақ­сатында тез өтелетін жобаларға нысаналы гранттық кредиттер беруді ұсынды.

Кездесу соңында вице-ми­нистр елші мырзаның қыз­мет атқарған кезеңіндегі тиім­ді қызметі үшін алғысын білді­ріп, оның түрлі салалардағы Қазақ­стан-Үндістан ынтымақ­тасты­ғы­на қосқан үлесін жоғары ба­ғалады және оған алдағы еңбек жолында табыс тіледі.