Атап айтқанда, Давид Ефремов (60 метрге кедергілер арқылы жүгіру), Виталий Земс (60 м және 200 м жүгіру), Сергей Дементьев (алтысайыс), Надежда Барбанова (ядро лақтыру), А.Киселев (ұзындыққа секіру) және Мария Овчинникова (үш қарғып секіру) чемпион атанды.
Айта кету керек, Давид Ефремов осы жарыста Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Аталған спортшы – Токио Олимпиадасының лицензиясынан бірден-бір үміткер атлет.
Сонымен қатар Анель Шулакова (60 м/к), Батырхан Баймұхаметов (биікке секіру), Сергей Сухов (800 м), Евгений Прокудин (60 м/к), Данил Полянский (сырықпен секіру) күміс жүлде иегерлері атанды.
Ал Владислав Григорьев (200 м), Римма Кашафутдинова (60 м), Анна Шумило (400 м), Наталья Ульбрихт (800 м), Думан Ғабдығалиев (800 м), Мария Ольховик (бессайыс) және Елизавета Федорук (ұзындық) қола медальға қол жеткізді.
Сонымен қатар қарағандылық спортшылар эстафета сайыстарында да тамаша нәтижелер көрсетті. Мысалы, Павел Карпенко, Никита Чупоршнев, Ирина Григорьева және Стефания Артемьева эстафета mix 4х200 сынында, Кристина Корягина, Римма Кашафутдинова, Валерия Сафонова және Ирина Григорьева эстафета 4х400 сынында, Виталий Земс, Евгений Прокудин, Давид Ефремов және Никита Чупоршнев эстафета 4х200м сынында үздік шықты.
Сондай-ақ Наталья Ульбрихт, Анна Шумило, Аделина Ахметова және Стефания Артемьева эстафета 4х400, Римма Кашафутдинова, Кристина Корягина, Кристина Наумкина және Ирина Григорьева эстафета 4х200 жарысында күміс медаль еншіледі.
Ал Никита Чупоршнев, Павел Карпенко, Сергей Сухов және Думан Ғабдығалиев эстафета mix 4х400 сайысында қола жүлдеге қол жеткізді.
Қарағанды облысы