Филиалдың баспасөз қызметі: «Тұрғын үй иесі тіркелген азаматтардың санын екі жолмен біле алады. Біріншіден, Egov.kz портал арқылы. Ол үшін порталға кіріп, ЖСН мен парольді немесе электронды цифрлы қолтаңбаны енгізу қажет. Жеке кабинетке өткен соң «мүлік» бөлімінде «тіркелген тұлғалардың тізімін көрсету/жасыру» тетігін таңдайсыз», деп атап өтті.
Екіншіден, EgovKzBot2.0 Telegram-боты арқылы жүзеге асырылады. Ең әуелі «Старт» батырмасын басып, «қызметтер» санатына өту қажет. Содан кейін «Жылжымайтын мүлік» бөліміндегі «менің пәтерімде қанша адам тіркелген» тетігін таңдайсыз.
«Егер меншігіңізде бірнеше пәтер болса – тізімнен қажетті мекенжайды таңдауыңыз қажет. Ұялы телефонға келген тексеру кодын енгізесіз. Қажетті ақпарат бірнеше минут ішінде дайын болады» делінген хабарламада.