Экономика • 23 Ақпан, 2021

Доллар арзандап, теңге нығайды

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы тағы арзандады.

Доллар арзандап, теңге нығайды

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 22 ақпан кешімен салыстырғанда 1,47 теңгеге құлдырап, 1 доллардың құны 415,05 теңге болған.

Kurs.kz мәліметінше, бүгін Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 414,61 теңгеден сатылса, ал сатып алу - 416,23 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 414,77 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 415,97 теңге.

Айта кетейік, АҚШ доллары бірнеше күн қатарынан төмендеп жатыр. Кеше 22 ақпан күні Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы 0,97 теңгеге құлдырап, 1 доллардың құны 416,87 теңге болған.



Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20