Білім • 23 Ақпан, 2021

ЖОО-да қағазбастылықты азайту мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім ордаларының басшыларымен жоғары білімнің сапасын арттыру мәселесін талқыға салды, деп хабарлайды  Egemen.kz

ЖОО-да қағазбастылықты азайту мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

Жиын барысында ЖОО-да қағазбастылықты азайту мақсатында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды.

Осы орайда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев: «Біз түлектердің жұмысқа орналасуына мониторинг жүргіземіз. Сандық көрсеткіштен сапалық көрсеткішке назар аударылатын болды. Академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру нормасы енгізілді», деп толықтырып өтті.

Әділет Тойбаевтың айтуынша, жоғарғы оқу орындары оқытушыларды қағазбастылықтан босатуға басымдық беріп жатыр. 

«Барлығын қосқанда 11 есеп беру нысаны алынып тасталды. Биыл университеттер алғаш рет өздерінің дипломдарын шығарады. Білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету үшін емтихан өткізіліп, тізілім құрылады. Оқыту тиімділігі көрсеткіштерінің бірі – жұмыспен қамту көрсеткіші. Елдегі мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыспен қамтылудың жалпы деңгейі 70,2% құрайды», деді Әділет Тойбаев.