«Скейт-алаң, стритболға арналған орын, тыныш демалыс аймағы, ойын кешені. Осының барлығын Иманов көшесі, 10/1 және Ғабдуллин көшесі, 11 үйлердің ауласына орнату ұсынылған. Аула кеңістігінің тұжырымдамалық шешімін Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығы аудан тұрғындарымен өткізілген 5 кездесуден кейін әзірледі», делінген жазбада.
Жобалау алдында елордалық урбанистер сауалнама жүргізіп, қала тұрғындарының тілектерін жинайды. Кездесулерде командалық дизайн-ойын өткізіледі. Нәтижесінде жаңа қоғамдық кеңістікті ұйымдастырудың эскиздік ұсынысы пайда болады. Жобаны биыл іске асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, Урбанистика орталығы осындай кездесулерді апта сайын қаланың әр ауданында өткізеді. Жұмыс «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер-жоспары бойынша жүргізілуде.