Елорда • 23 Ақпан, 2021

Елордада скейт-алаң, стритболға арналған орын және ойын кешені ашылады

2 рет көрсетілді

Елордада скейт-алаң, стритболға арналған орын, демалыс аймағы, ойын кешені ашылады. Бұл туралы Egemen.kz Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Скейт-алаң, стритболға арналған орын, тыныш демалыс аймағы, ойын кешені. Осының барлығын Иманов көшесі, 10/1 және Ғабдуллин көшесі, 11 үйлердің ауласына орнату ұсынылған. Аула кеңістігінің тұжырымдамалық шешімін Нұр-Сұлтан қаласының урбанистика орталығы аудан тұрғындарымен өткізілген 5 кездесуден кейін әзірледі», делінген жазбада.

Жобалау алдында елордалық урбанистер сауалнама жүргізіп, қала тұрғындарының тілектерін жинайды. Кездесулерде командалық дизайн-ойын өткізіледі. Нәтижесінде жаңа қоғамдық кеңістікті ұйымдастырудың эскиздік ұсынысы пайда болады. Жобаны биыл іске асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, Урбанистика орталығы осындай кездесулерді апта сайын қаланың әр ауданында өткізеді. Жұмыс «Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер-жоспары бойынша жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Қай салада жалақы өсті?

Экономика • Бүгін, 11:45

Ұқсас жаңалықтар