Қар құрсауында қалған қаланың іші қайта күшейген ақтүтек боранның салдарынан дұрыс көрінбейді, көшеде – қар қалың.
Қала әкімдігінің ТКШ бөлімі тұрғындарға «23-ақпан күні автобустар соңғы аялдамадан сағат 18:00-де соңғы рет шығады. Үйлеріңізге ертерек жетіп алу жағын ойлаңыздар» деп ескертті.
Ал төтенше жағдай департаменті бүгін Қостанайда жұмыс күнін қысқарту керек деген ұсыныс білдірді. «ТЖД қарлы боранның күшеюіне байланысты, мемлекеттік органдарға, білім мекемелеріне, сауда орындарына сағат 17:00-ге дейін жұмыс істеуді кеңес етеді» - деп жазылған ТЖД таратқан хабарламада.