Халыққа қолжетімді бағада құс етін ұсыну мақсатында 2014 жылы «Тұман-Шах» фабрикасы ашылған.
«7 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмыз. Бүгінде фабрикада 20-ға жуық қызметкер бар. Құс етін халыққа қолжетімді бағада ұсыну мақсатында «Тұман-Шах» ЖШС өз қаражатымызбен іске қостық. Қазір бұл құс фабрикасында 2 блок бар. Әр блокта 2000 мың дана құс бар. Алдымен Алматы облысынан жұмыртқаларды сатып аламыз. Содан соң инкубатор жүйесімен балапан өсіріп жетілдіреміз деді», кәсіпкер Қуан Бурбасов.
Айта кетейік, соңғы жылдары отандық өнімге көрші елдерден де сұраныс бар.