Білім • 24 Ақпан, 2021

Оралда аязға байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда аязға байланысты мектептерде бірінші ауысымда 1-4 сынып оқушылары бүгін де мектепке бармайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда аязға байланысты бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

«Жергілікті сағат 07.00-де Оралда 25 градус аяз болды. Желдің жылдамдығы - секундына 6 метр. Қалада кешеден бері боран соғып тұр», делінген БҚО гидрометеорология орталығының хабарламасында.

Еске сала кетейік, кеше Оралда бастауыш сыныптар және 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқитынын, БҚО-да барлық бағыттағы жолдар жабылғанын хабарлаған болатынбыз.