Спорт • 24 Ақпан, 2021

Шығыстың жігіттері үздік шықты

252 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысында ерлер арасында волейболдан республикалық «Үшқоңыр» турнирі өтіп, жүлделі орындардың төртеуін де шығысқазақстандық ойыншылар иеленді.

Шығыстың жігіттері үздік шықты

Дәстүрлі турнирдің мақсаты – әдет­­тегідей: халықты саламатты өмір салтын ұстануға шақыру. Сонымен қатар үздік командаларды, үздік ойыншыларды анықтап, бұдан да үлкен жарыстарға дайындау. «Үш­қоңыр» турнирінің бір ерекшелігі – әуесқой ойыншылар ғана қатысты.

Елбасының туған жері Шамал­ғандағы «Үшқоңыр» спорт кеше­нінде өткен дүбірлі додада Қа­зақстанның өңірлерінен келген 12 команда бақ сынасты. Қар­сылас командалар төрт топқа бө­лініп, төртеуінен де суырылып Шығыстың ойыншылары шық­ты. Жарыс нәтижесінде IV орын Тарбағатайдың жігіттерінен құралған «Жігер» командасына бұйырды. III орынды Күршім ауданынан келген «Барақ батыр» командасы қанжығаға басты. II орынды шығысқазақстандық «Шекара Шығыс» командасы ал­­ды. Ал I орынды Күршім, Ка­тон­­­қарағай, Тарбағатай, Зайсан ауданының спортшыларынан құ­ралған «Ынтымақ» командасы еншіледі.

Ойында Әділет Қадырханов, Айдар Асхатов, Шалқар Калы­мов, Біржан Оспанов сынды во­­лейболшылар шеберлік­терімен ерекшеленді. Ойыншылар­дың дайындықтарына жаттықтыру­шылардың да тер төккені белгілі.

– Ойын өте тартысты өтті. Қы­зыл­орда, Тараз, Алматы облыстарынан Алакөл, Райымбек аудандарынан келген командалардың да дайындығы мықты болды. Әу дегенде-ақ шығыстықтар әр топтан бірінші болып шығып, өзара са­йысқа түсті. Доп додасының өтуі­не ұйытқы болған «Аль-Азим» қо­ғамдық орталығына, төре­шілерге рақмет. Осындай жарыс­тарда ойын­­­­шылар шыңдала береді, – дей­ді жаттықтырушы Мейір Рамаза­нов.

Бұған дейін де аталмыш тур­нирде шығысқазақстандық «Мұз­тау» командасы бірінші орын, Күршім ауданының «Барақ батыр» командасы екінші орын алған болатын.