Білім • 24 Ақпан, 2021

Елордада жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиада басталды

713 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Олимпиадаға Нұр-Сұлтан қаласының 94 білім беру мекемесінен 1300-ден астам оқушы қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігігің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық олимпиада басталды

Олимпиадаға 19 орта мектеп, 27 мектеп-лицей, 33 мектеп-гимназия, 6 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп және 9 жеке мектеп қатысады.

Олимпиада апта бойы, күн сайын бірнеше пән бойынша өтеді:

22 ақпан – химия, биология;
23 ақпан - физика, география;
24 ақпан - математика, информатика;
25 ақпан - қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті
26 ақпан - Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, өзін-өзі тану, ағылшын, неміс және француз тілдері.

Олимпиада қорытындысы бойынша 2021 жылдың 2 наурызында онлайн режимде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдармен марапаттау рәсімі өтеді.

Сондай-ақ жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы номинациялар беріледі: «Олимпиаданың жаңа есімі-2021», «Олимпиаданың ең жас қатысушысы-2021», «Олимпиаданың абсолютті жеңімпазы-2021», ЖМБ және ГҒБ (І, ІІ және ІІІ дәрежелі) бағыттары бойынша «Үздік олимпиадалық команда-2021».

Олимпиаданың әр күні аяқталғаннан кейін «Астана дарыны» ДДжПС сайтында (astanadaryny.kz) және Telegramm-чатта қатысушылардың жұмыстары, дұрыс жауаптар және пәндері бойынша хаттамалар жарияланады.