Аймақтар • 24 Ақпан, 2021

Атырауда коттедж отқа оранды

492 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өрт – тілсіз жау. Атырау қаласында коттедж өртеніп, бір отбасы баспанасыз қалды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрт кеше, 23 ақпанда кешкі сағат 20:16-да болған, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда коттедж отқа оранды

«Департаментттің диспетчерлік пультіне Атырау қаласындағы Д.Сүйесінов көшесінде коттедждің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде 2 қабатты тұрғын үй жанып жатты. Тұрғын үйдің өртке орануына жылыту құралын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, яғни тұрғындардың жылыту құралын газ баллонына жалғап, пайдаланғаны себеп болған. Соның нәтижесінде жарылыс болып, жалпы ауданы 150 шаршы метрлік коттедж толықтай өртеніп кетті», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Жалынды сөндіруге жеке құрамның 24 қызметкері мен 5 арнайы техника жұмылдырылды.  Өрт сағат 21:08-де оқшауланып, сағат 22:25-те толықтай жойылды.