Елорда • 24 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында гимнастика орталығы ашылады

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында топ-деңгейдегі гимнастика орталығы ашылады. Бұл туралы «Astana Venue Management» ЖШС-ның бас директоры Мәлік Хасенов айтты деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында гимнастика орталығы ашылады

«Бұған дейін Тәуелсіздік сарайы ірі іс-шараларға – форумдар, көрмелерге, халықаралық делегациялардың және Мемлекет басшысы қатысатын іс-шараларға жалға беру есебінен қызмет көрсетіп келген болатын. Қазіргі уақытта 2008 жылы салынған Тәуелсіздік сарайынан бөлек «ЭКСПО» халықаралық көрме орталығы, «ЭКСПО» конгресс орталығы жұмыс істейді. Олар «QazExpoCongress» компаниясына тиесілі», деді ол Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысында.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін Тәуелсіздік сарайында ұйымдастырылатын 20 іс-шара ендігі уақытта «ЭКСПО» аумағында өтеді.

«Қалғаны 2 негізгі іс-шара ғана. Бірақ, соған бола 38 мың шаршы метрді бос ұстап отыру мақсатқа сай келмейді деп шештік. Тәуелсіздік сарайында балалар үшін сарай ашу тұжырымдамасы ұсынылды. Айталық, ол жерде аумағы 4,3 мың шаршы метрді құрайтын Конгресс-залы бар. Төбесінің биіктігі 14 метрді құрайды. Сондықтан қалалық спорт басқармасымен бірге сол жерде топ-деңгейдегі гимнастика орталығын құру шешімі қабылданды. Бұл орайда ғимарат инфрақұрылымы бүлінбейді және бұқаралық спорт 3 есеге артатын болады», деді Мәлік Хасенов.