Алматы облысында заңсыз балық аулаған екі тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұйғыр ауданы жергілікті полиция қызметінің өкілдері табиғатты қорғау заңнамасы талаптарының сақталуын қадағалау бойынша жүргізген арнайы шара барысында Іле өзенінде заңсыз балық аулап жүрген екі адамды ұстады. Үрмелі қайыққа мінген браконьерлерден 66 келі балық тәркіленді.
Тексеру барысында балық аулаушылардың заңмен тыйым салынған ауды пайдаланғаны әшкереленген. Олардың қайығынан ақ амур, дөңмаңдай, ақ марқа, табан балықтары табылып, тәркіленді. Қазіргі таңда табиғат қорғаушылар мемлекетке келтірілген материалдық шығынды есептеуде.
– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) қылмыстық іс қозғалды. Үрмелі қайық, пластикалық ау мен балықтар тәркіленді. Кетпен ауылының екі тұрғыны мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпарат таратылмайды, – деді Ұйғыр ауданының ПБ табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы Саят Даркенбаев.
Алдын ала тергеу барысында ұсталған адамның бірі – Өзбекстан Республикасының 1989 жылы туған азаматы екені белгілі болды. Сотқа дейінгі тергеу барысында тәртіп сақшылары оның елімізге қашан және не себеппен келгенін, құжаттарының заңға сәйкестігін мұқият тексеретін болады.
– Табиғат қорғау шаралары барысында жыл басынан бері ауданда 23 құқық бұзушылықты анықтадым. Оның 21 дерегі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды. Екі дерек бойынша қылмыстық заңнамаға сәйкес тергеу жүрді. Аудан тұрғындары мен қонақтарын қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтауға, табиғатты аялауға шақырамын, – деп толықтырды Саят Даркенбаев.
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың кітаптарының тұсаукесері өтеді
Өнер • 20 Мамыр, 2022
Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасымен күресте күш біріктіруге шақырды
Саясат • 20 Мамыр, 2022
Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты
Әлем • 20 Мамыр, 2022
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Әскери қызметтен өткен университет түлектері грантты өтеуден босатылады
Білім • 20 Мамыр, 2022
Былтыр 3 ірі мұнай операторы бюджетке 7,5 млрд доллар тікелей төлем жасады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Ұқсас жаңалықтар