28 Желтоқсан, 2013

Әңгіме арқауы – ынтымақтастық

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Сена­тының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Рес­публикасының елшісі Эсенгул Омуралиевті қабыл­дады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Кеше Қазақстан Респуб­ликасы Парламенті Сена­тының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Рес­публикасының елшісі Эсенгул Омуралиевті қабыл­дады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан-Қырғызстан ынтымақтастығының түрлі аспектілері, оның ішінде екіжақты сауда-экономикалық байланыстар, аймақтық көлік жобалары, көші-қон мәселелері туралы әңгіме өрістеді.

Жүздесушілер, сондай-ақ, Қа­­зақстан мен Қырғызстанның екі­жақ­ты және көпжақты дең­гей­дегі өзара іс-қимылының пар­ламентаралық өлшемінің келе­ше­гі туралы пікір алмасты. Біш­кек және Ош қалаларында салынатын жалпы білім беретін мек­теп­тердің құрылысы туралы таяуда Сенат ратификациялаған үкімет­ара­лық келісімнің маңызы атап өтілді. Бұл уағдаластықтарға Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы тамыз айында Қырғызстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар