Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін «103» қызметіне Ленин кентінің жанындағы республикалық тас жолда екі көлік соқтығысқаны туралы хабарлама түсті. Жол апатынан бес адам зардап шекті.
«1964 және 1986 жылдары туған екі ер адамға жабық бас сүйек-ми жарақаты және бас миының шайқалуы диагнозы қойылған» делінген хабарламада.
Сондай-ақ жол апатынан үш әйел зардап шеккен, оның біреуі 81 жастағы зейнеткерде кеудесінің жабық сынығы анықталды. 1966 және 1974 жылдары туған екеуінде білек буынының көгеруі тіркелді, олардың біреуі ауруханаға жатқызудан бас тартты.
Барлық зардап шеккендер №1 қалалық ауруханаға жеткізілді.