ОАХИ директоры елшіні Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің бастамасымен құрылған мекеменің мақсаттары мен қызметінің негізгі бағыттары туралы хабардар етті.
Кездесу барысында тараптар соңғы жылдары стратегиялық әріптестіктің сапалы жаңа деңгейіне шыққан Қазақстан-Өзбекстан екіжақты қарым-қатынастары дамуының оң динамикасын атап өтті. Екі елдің арасындағы бауырластық қарым-қатынастар айтарлықтай әлеуетке ие және барлық салаларда одан әрі жандандыруды қажет ететіндігі атап өтілді.
Осы тұрғыда екіжақты жоспарлы байланыстарды кеңейту бойынша ұсыныстарды бірлесіп әзірлеу мақсатында ғылыми-зерттеу мекемелері мен екі елдің сарапшылар қоғамдастығы арасында өзара іс-қимыл орнатудың маңыздылығы айтылды.