Президент • 25 Ақпан, 2021

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы басталды

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы басталды

Пандемияға байланысты отырыс онлайн форматта өтіп жатыр. Жиында бұрын айтылған ұсыныстар, сондай-ақ бірқатар жаңа бастаманы іске асыру мәселелері талқыланады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық кеңестің бесінші отырысы ақпанда өтетіндігін хабарлаған едік. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды. Жаңартылған Мәжіліс құрамында Ұлттық кеңестің 9 мүшесі бар.

Айта кетейік, өткен жылы 22 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысы өткен еді.