Президент • 25 Ақпан, 2021

Президент: Ауылда тұратын әрбір адамның пікірі ескерілуі керек

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында өзін-өзі басқару тәжірибесін дамыту және жергілікті деңгейдегі сайлау институтын нығайту жайында сөз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент: Ауылда тұратын әрбір адамның пікірі ескерілуі керек

«Тағы бір маңызды мәселе – өзін-өзі басқару тәжірибесін дамыту және жергілікті деңгейдегі сайлау институтын нығайту. Ауылда, ауданда тұратын әрбір жан өзінің және отбасының болашағына өзі жауапты екенін сезінуге тиіс. Олардың пікірі барынша ескерілуі керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан соң, ол былтырғы Жолдауында Үкіметке Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырғанын еске салды.

«Жаңа тұжырымдама бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл құжаттың жобасын Реформалар жөніндегі жоғары кеңес алдағы уақытта қарайтын болады», деді Президент.