Түркістан қаласында «Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастарды қолдау қоры» ашылды. Қорды ұйымдастыруға Жастар ресурстық орталығы ұйытқы болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған идеяның бастамасы ретінде былтыр облыс деңгейінде Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауы өткен болатын. Байқау әдебиет пен мәдениеттің 8 бағытын қамтыған. Облыстың түкпір-түкпіріндегі өнерлі жастардың арасында «Үздік жас мүсінші», «Үздік жас дизайнер», «Үздік жас қолөнерші», «Үздік жас ғалым», «Үздік жас әнші», «Үздік жас айтыскер» номинациялары бойынша өткен бәсекеге толы байқау көпшіліктің көңілінен шықты. Игі бастама ел көлемінде ұлт руханиятына еңбек сіңіріп жүрген жас шығармашыл жастарға қолдау көрсету мақсатында арнайы қор құруға ұласып отыр. Аталған қор жылына бір рет республикамыздағы ең үздік шығармашыл жастар арасында поэзия, дәстүрлі ән, роман, проза, әңгіме, айтыс, ғылым, қолөнер, зергерлік өнер және ұлттық үлгідегі киім дизайны бойынша номинациялар иелерін анықтап, қаржылай жүлделермен марапаттайтын болады. Яғни арнайы комиссия үздіктерді анықтап, Түркістанда талантты жастардың басын қосады.
«Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастарды қолдау қорының» төрағасы Айбек Маратұлы арнайы ұйымдастырылған қайырымдылық кеште қордың алдағы уақыттағы жұмыс жоспарымен таныстырды. Қайырымдылық балдың өзге шаралардан ерекшелігі – Түркістан өңіріне белгілі қолөнерші Мамыт Жаңабектің қолынан шыққан мүсіндер және суретші Әділхан Мәліктің суреттері аукционға қойылды. «Былтыр 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланса, биыл 2021 жыл «Қайырымды істер жылы». Қайырымды іс тек қана материалдық көмек немесе азық-түлік таратумен шектелмейді. Оның ауқымы кең. Біз ел ішіндегі ұлттық дәстүрді өлтірмей және өнер мен әдебиетті дәріптеп келе жатқан шығармашыл жастарға қолдау көрсеткіміз келеді. Түркістан сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де рухани орталыққа айналуы тиіс», дейді «Жастар ресурстық орталығының» басшысы, облыстық мәслихат депутаты Амалбек Өміртай.
Жас таланттардың алғашқы қолдаушысы ретінде қайырымдылық шараға облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі ұлттық жобалар қалай бағаланады?
Қазақстан • Кеше
Қарағандыда әкімдік ғимаратынан ер адам құлап, қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Қанша адам емделе алады?
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Петропавлда ер адам көлік иесіне 1 млн теңге шығын келтірді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Қазақстан • Кеше
Көк байрағымыз – ең биік шыңдарда
Қазақстан • Кеше
Шалдай орманы тағы да өртке оранды
Аймақтар • Кеше
Несиесі – арзан, тәуекелі – қымбат
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Қаршадай балаға қанат бітірген «Жас тұлпар»
Аймақтар • Кеше
Теннис • Кеше
Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сот «СҚ-Фармацияның» экс-басшысын босатудан бас тартты
Елорда • Кеше
Жандарбек Бекшиннің басы тағы дауға қалды
Медицина • Кеше
Сортөбенің бағы еселеніп келеді
Руханият • Кеше
6 қызғалдақты жұлған азамат 3 жылға сотталуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
«Ashyq» жобасы 7 өңірінде жұмыс істер тұр
Технология • Кеше
Еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс жоғары?
Қоғам • Кеше
ШҚО-да заңсыз балық аулаудың 70-ке жуық дерегі анықталды
Аймақтар • Кеше
Асқар Мамин салық жүйесі неғұрлым икемді болатынын айтты
Қазақстан • Кеше
Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді
Қоғам • Кеше
Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы қарс айырылды
Аймақтар • Кеше
Масаншыдағы дүнген ұлтының өкілдері қазақ тілін үйренуде
Аймақтар • Кеше
Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салына ма?
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Армения саяси кеңес өткізді
Қазақстан • Кеше
Елорда • Кеше
Биыл 1000 мектеп қайта жаңартылады
Білім • Кеше
Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды
Қазақстан • Кеше
Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды
Ғылым • Кеше
Президентке елдегі блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды
Президент • Кеше
Каспий теңізінен 20 шақты түйенің өлексесі табылды
Оқиға • Кеше
Еліміздің бас санитарлық дәрігері сөгіс алды
Медицина • Кеше
Қордай ауданының Масаншы ауылында техника 60-70 пайызға жаңарған
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтар экологияны ластайтын отын түрлерін тұтынады
Экология • Кеше
Ауа райы • Кеше
Балалар 500 мың теңгеден сатылып жатыр
Қоғам • Кеше
Көш басында – «Манчестер Сити»
Футбол • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаевтың орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Челси» Суперлигадан бас тартады
Әлем • Кеше
Алматыда аялдамадан нәресте табылды
Қоғам • Кеше
Мәжіліс бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы заң жобасын мақұлдады
Парламент • Кеше
БҚО-да отырғызылған ағаштар қурап жатыр
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар