Парламент • 25 Ақпан, 2021

Сенаторлар ұлттық мүддені қорғау туралы түзетуді қабылдады

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан өзінің ұлттық мүддесін халықаралық деңгейде бұрынғыдан да белсенді түрде қорғайтын болады. Бүгін сенаторлар заңға халықаралық шарттарға қатысты түзетулерді қабылдады.

Сенаторлар ұлттық мүддені қорғау туралы түзетуді қабылдады

Құжатта біздің елімізбен шарттардың талаптарын орындамай келе жатқан тарапқа қатысты Қазақстанның қарсы шаралар қабылдау тетіктері айқындалды. Сонымен қатар, егер шартқа басқа қатысушылар өз міндеттемелерін орындамаса да ондай халықаралық шартты немесе оның жеке нормаларының қолданылуын тоқтата тұруға  болады.

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, алдағы уақытта бұл Заң мемлекетіміздің ұлттық мүдделерін қорғауды күшейтуге көмектесетін болады.

«Бүгін қабылданған заң халықаралық деңгейде ұлттық мүдделерімізді қорғауға қосымша мүмкіндіктер береді. Бұдан былай, халықаралық келісімнің екінші тарабы өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан тарапынан жауап шараларын қабылдауға жол ашылады. Осы мақсатта құжатта халықаралық шарттардың немесе олардың жекелеген ережелерінің орындалуын тоқтата тұру туралы нормалар қарастырылған», - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.

Мұндай нормалар "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңда жазылған.