25 мыңнан астам адамның 15 мыңнан көбі нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмысқа орналасқан. Солардың 7 мыңнан астамы тұрақты жұмысқа, өзгелері әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына және қоғамдық жұмыстарға жіберілген.
Тағы 1,5 мың адам микро несие мен гранттар алып, кәсіп бастаған. Сондай-ақ мүгедектігі бар 2,2 мың адам жұмыспен қамтудың жол картасы негізінде жұмысқа орналасыпты.
«Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес 2020 жылы жұмыс берушілер мүгедектігі бар 6,4 мың адамды жұмысқа қабылдады. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орнын жарақтандыруға байланысты жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау тәртібі енгізілді, ол бойынша өткен жылы көру, есту және тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін 31 арнайы жұмыс орны құрылды» делінген министрлік хабарламасында.