Бокс • 25 Ақпан, 2021

Странджа-2021: Қазақстандық үш боксшы жарысты сәтсіз аяқтады

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгария астанасы Софияда боксшылар бәсекесі жалғасып жатыр. Egemen.kz халықаралық "Странджа-2021" жарысындағы қазақстандық спортшылар нәтижесін ұсынады. 

Странджа-2021: Қазақстандық үш боксшы жарысты сәтсіз аяқтады

75 келіде шаршы алаңға шыққан Райыс Нұрқанат швециялық қарсыласы Чартой Адамнан 3:2 есебімен басым түсіп, келесі айналымға жолдама алды.

Бауыржан Байгөншеков 81 келіде жұдырықтасып, армениялық Гор Нерсеяннан 3:2 есебімен ұтылып қалды. Сондай-ақ, Сағындық Тоғамбай (91 кг) да жарыстан шықты. Болгариялық боксшы Радосла Панталеевпен кездесу, өкінішке қарай, жеңіліспен аяқталды. 

91 келіден жоғарғы салмақта Айболды Дәуренді украиналық Цоне Рогава жарыс жолынан ығыстырды.