28 Желтоқсан, 2013

Жүзуші құрамның жүздері жарқын болсын десек...

380 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

02-сенат2Сенат отырысында депутат Бірғаным Әй­тімова Премьер-Министр Серік Ахметовтің атына депутаттық сауал жолдаған еді. Онда былай делінеді:

«Біздің депутаттық сауалымыз комитеттің өткен айдағы Маңғыстау облысына сапарының қорытындысы бойынша туындап отыр. Сапар барысында әскери қызметшілермен, шекарашылармен кездесулер өткізіп, олардың тұрмыс тіршілігімен, әлеуметтік жағдайымен таныстық.

Сенат отырысында депутат Бірғаным Әй­тімова Премьер-Министр Серік Ахметовтің атына депутаттық сауал жолдаған еді. Онда былай делінеді:

«Біздің депутаттық сауалымыз комитеттің өткен айдағы Маңғыстау облысына сапарының қорытындысы бойынша туындап отыр. Сапар барысында әскери қызметшілермен, шекарашылармен кездесулер өткізіп, олардың тұрмыс тіршілігімен, әлеуметтік жағдайымен таныстық.

Еліміздің батыс өңіріндегі климаттық жағдай баршаға белгілі. Жаздағы күннің аптап ыстығы, ауаның жоғары температурасы, құрғақтығы, құм араласқан ыстық жел, ал қыстағы қытымыр аяз, жиі соғатын суық жел сол өңірде әскери қызмет атқаратын әс­кери қызметшілердің, ше­карашылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізетіні сөзсіз. Осыған байланысты Маңғыстау облысы ауыр экологиялық және климаттық жағдайдағы өлкеге жатады.

Еліміздің әртүрлі өңірін­дегі күнкөріс жағдайын са­лыстырған кезде Ақтау қаласы Қазақстанның ең қымбат қалаларының бірі болып отыр. Осыған қарамастан, әскери қызметшілерге қосымша төлемақы қарастырылмаған.

Мысалы, әскери теңіз­ші­лердің әскери-кәсіби қыз­меті көп жағдайларда кеме­лерде ұзақ мерзімге қалу қажеттілігімен, су үстінде ор­наласқан, яғни тұрақсыз негіздегі жабдыққа қызмет көрсетумен, кемелерде жұ­мыс үдерісінің бірқалыпты жағдайдан жоғары қысымды, кернеулі жағдайға бірден ауысуымен байланысты. Әскери-кәсіби қызмет жағдайының аталған ерекшелігі жүзуші құрамның организміне тұ­рақты зиянды әсер етеді.

Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігінің осындай кәсіби ауыртпалық, қысым түсетін әуеде ұшу құрамына 50% үстемеақы төленеді.

Осындай жағдайда, кемелерде қызмет атқаратын әскери қызметшілердің са­нының аздығын ескере отырып, олардың кемелерде қызмет ету ынтасын көтеру үшін жүзуші құрамға кемелерде қызмет етудің ерекше жағдайына байланысты, ақша үлесіне 50% және теңізде жүру өлшем уақытына сәйкес 30% үстемеақы енгізу мәселесін қарастыруыңызды өтінеміз.

Сонымен қатар, теңіз сүң­гуірлерінің жұмысы ең күрделі жұмыстардың бірі болып табылады. Ол аварияға түскен кемелерге көмек көрсетумен, адамдарды құтқарумен, суға батқан кемелерді көтеріп шығарумен, барлау­мен және десантқа қарсы бөгеттерді талқандаумен, қарсыластың миналарын іздеумен және жою­­мен, басқа да су асты қауіпті жұмыстарын атқару­мен байланысты болып келеді. Сүңгуірлер су астына түсу уақы­тында әртүрлі әсерлерге ұшы­рағыш, мысалы, қан қы­сымы бірден түсіп кетуі, жара­қат алуы және басқа да тосын жағдайларға тап болуы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілгендер­дің негізінде сүңгуірлердің жұмысты атқару жағдайына және су астындағы өлшем уа­қытына сәйкес 100%-ға дейін үстемеақы енгізу жағдайын қарастыруыңызды сұраймыз».

Соңғы жаңалықтар