Аймақтар • 25 Ақпан, 2021

Жүкті әйелді алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды

729 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының Шет ауданында жедел жәрдем көлігі автожолда қар құрсауында қалып қойды. Дәрігерлер ауылдан қалаға инфаркт алған ер адам мен босану мерзімі жеткен жүкті әйелді алып келе жатқан, деп хабарлайды Еgemen.kz

Жүкті әйелді алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды

25 ақпанда Шет ауданында жедел жәрдем көлігінің қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына құтқарушылар шықты.

«Қызылқой ауылына қарасты «Алматы-Екатеринбург» тасжолында қар құрсауында тұрып қалған жедел жәрдем көлігі мен жеңіл автокөліктен 9 адам құтқарылды. Қарағанды облысының ТЖД және Апаттар медицинасы орталығының күшімен құтқарылған адамдар, оның ішінде екі науқас: инфаркті бар ер адам және жүкті әйел Қарағанды қаласына жол талғамайтын көлікпен жеткізілді», деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.