Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде «Туған өлкем» балалар шығармашылығын қолдау бойынша республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Нұр-Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО клубы оқытушыларының туындыларынан құралған «Шығармашылық: қабілет, әуестік» көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды Еgemen.kz

Іс-шараны Елбасы кітапханасының Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің басшысы Күләйша Ақтаева ашып, мектеп оқушыларының республикалық және халықаралық байқаулардағы жетістігі БКМ ЮНЕСКО клубының дарынды педагогтер командасының, оның ішінде ҚР Суретшілер одағы мен Халықаралық суретшілер одағының мүшелерінің көпжылдық қажырлы еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.
«Жаһандану жағдайында біз санамыздың негізін жоғалтпау үшін кім екенімізді, рухани тамырымыз бен тұрмысымыздың құрамдас бөліктері қандай екенін түсінуіміз керек. Бір таңданатыны, пандемия жағдайында әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, біз бір-бірімізге жақын болу қажеттілігін сезінеміз. Адамдар қарым-қатынасты аңсайды, өздерінің жаңа қырларының ашылуын күтеді. «Туған өлкем» бағдарламасы үйден тыс жерде қалыптасатын ортаға бағытталған. Бұл өте маңызды, өйткені отбасында бала өзінің жеке тұлға ретінде қалыптасуын тек білім мен пайдалы дағдылармен толтыра алмайды. Сондықтан педагог-суретшілер – ерекше саңлақтар», деп атап өтті К.Ақтаева.
Көрмеде Табиғат Құжанбаев, Нұрболат Асқар, Гүлбарам Асқарова, Айзада Аманжолова, Гүлфара Тукина, Айнагүл Туғанбекова, Сәуле Жандуллаева, Олжас Бекенов, Биназир Жұмабекова, Дана Қамалова сынды суретші-оқытушылардың шығармашылық ізденістерінің нәтижесінде түрлі жанрлар мен бағыттарды қамтыған 60-тан астам туынды ұсынылды. Авторлар өз еңбектерінде қоршаған әлемге деген өз көзқарастарын көрсетіп, отбасына, елге, өз халқының мәдениетіне деген махаббатын суреттей білген.
«Суретші – барлық әдемілікті көре білетін әрі оны жеткізе алатын адам. Әлемнің көркем бейнесін, атмосферасын сақтау өте маңызды. Қазіргі технологиялар мен техникалар адамдар арасындағы қарым-қатынасқа кедергі келтіріп жатқандықтан, өзімізді танып-білуге, жан-жағымызды бағалауға, қоршаған ортамызды аялауға жасалып жатқан керемет дүние. Бұл басқосу осы көрменің маңызды міндеттерінің бірі деп ойлаймын», – деп ой бөлісті Балалар көркемсурет мектебінің мұғалімі, суретші Нұрболат Асқар.
Іс-шара соңында Елбасы кітапханасының атынан ұстаздарды Бейнелеу өнеріндегі жоғары кәсіби біліктілігі және балалар шығармашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін арнайы сертификатымен марапаттау рәсімі өтті.
Көрме қонақтары суретшінің импровизацияланған шеберханасында шығармашылық атмосфераны сезінді. Шеберлік-сынып барысында тәжірибелі тәлімгердің жетекшілігімен әркім өз көркем туындысын жасады.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО клубы Елбасы кітапханасының байырғы серіктесі ретінде 2005 жылдан бері көптеген көрмелер, фестивальдер, шеберлік-сыныптар, шығармашылық кездесулер және басқа да іс-шаралар өткізіп келеді. Ынтымақтастықтың басты нәтижелерінің бірі музей ғимаратындағы (Нұр-Сұлтан қаласындағы БКМ ЮНЕСКО клубының филиалы) балалар бейнелеу студиясының жұмысы болып табылады.
«Шығармашылық: қабілет, әуестік» көрмесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде (Бейбітшілік к-сі, 11) осы жылдың 31 наурызына дейін жалғасады.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі ұлттық жобалар қалай бағаланады?
Қазақстан • Кеше
Қарағандыда әкімдік ғимаратынан ер адам құлап, қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Қанша адам емделе алады?
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Петропавлда ер адам көлік иесіне 1 млн теңге шығын келтірді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Қазақстан • Кеше
Көк байрағымыз – ең биік шыңдарда
Қазақстан • Кеше
Шалдай орманы тағы да өртке оранды
Аймақтар • Кеше
Несиесі – арзан, тәуекелі – қымбат
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Қаршадай балаға қанат бітірген «Жас тұлпар»
Аймақтар • Кеше
Теннис • Кеше
Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сот «СҚ-Фармацияның» экс-басшысын босатудан бас тартты
Елорда • Кеше
Жандарбек Бекшиннің басы тағы дауға қалды
Медицина • Кеше
Сортөбенің бағы еселеніп келеді
Руханият • Кеше
6 қызғалдақты жұлған азамат 3 жылға сотталуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
«Ashyq» жобасы 7 өңірінде жұмыс істер тұр
Технология • Кеше
Еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс жоғары?
Қоғам • Кеше
ШҚО-да заңсыз балық аулаудың 70-ке жуық дерегі анықталды
Аймақтар • Кеше
Асқар Мамин салық жүйесі неғұрлым икемді болатынын айтты
Қазақстан • Кеше
Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді
Қоғам • Кеше
Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы қарс айырылды
Аймақтар • Кеше
Масаншыдағы дүнген ұлтының өкілдері қазақ тілін үйренуде
Аймақтар • Кеше
Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салына ма?
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Армения саяси кеңес өткізді
Қазақстан • Кеше
Елорда • Кеше
Биыл 1000 мектеп қайта жаңартылады
Білім • Кеше
Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды
Қазақстан • Кеше
Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды
Ғылым • Кеше
Президентке елдегі блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды
Президент • Кеше
Каспий теңізінен 20 шақты түйенің өлексесі табылды
Оқиға • Кеше
Еліміздің бас санитарлық дәрігері сөгіс алды
Медицина • Кеше
Қордай ауданының Масаншы ауылында техника 60-70 пайызға жаңарған
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтар экологияны ластайтын отын түрлерін тұтынады
Экология • Кеше
Ауа райы • Кеше
Балалар 500 мың теңгеден сатылып жатыр
Қоғам • Кеше
Көш басында – «Манчестер Сити»
Футбол • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаевтың орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Челси» Суперлигадан бас тартады
Әлем • Кеше
Алматыда аялдамадан нәресте табылды
Қоғам • Кеше
Мәжіліс бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы заң жобасын мақұлдады
Парламент • Кеше
БҚО-да отырғызылған ағаштар қурап жатыр
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар