Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Бизнесті қорғау - өзара іс-қимыл, даму, проблемалар және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шараға Департамент басшысы А.Жұмағали, оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қалалық кәсіпкерлер палатасы директоры орынбасарының міндетін атқарушы С. Адамбекова, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің төрағасы М.Сейтжанов, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Н.Дүйсенов, «Адал» адвокаттар кеңсесінің басшысы Т.Есимов, өңірлік және шетел бизнес өкілдері қатысты.
Бизнес өкілдері қатысқан жиында Департамент басшысы Асхат Жұмағали бизнеске қолайлы жағдай жасау және оның дамуы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылатындығын атап өтті. Департамент басшысының айтуынша кәсіпкерлікті кешенді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Агенттікпен "Protecting Business and Investments, яғни бизнес пен инвесторларды қорғау" жобасы іске асырылуда.
«Инвесторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге алынуының басты шарты мемлекетіміздің аумағында адал және парасатты бизнес жүргізу бойынша өзіне міндеттеме алу болып табылады. Аталған жоба Департаментпен де жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 78 млрд. теңгеге жуық 45 жоба сүйемелденуде», деді Асхат Жұмағали.
Жалпы алғанда, өткен жылдың өзінде бизнесті қорғау шеңберінде Департаментпен 30-дан аса кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтіріліп, олардың қызметіне заңсыз араласқаны үшін 13 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, дөңгелек үстелде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты атқарылған жұмыстар талқыға салынды. Бизнесті қорғау мәселелері еркін форматта талқыланған жиында құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау мақсатында квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауға жауапты жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтын құру, ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын енгзіу жолдары қарастырылды.
Сондай-ақ кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін өзекті проблемалық мәселелер талқыланып, бизнес өкілдерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Дөңгелек үстел соңында «Нұр-kz», «Бумпром», «Экофарм Интернейшнл», «Green Cross Eco» ЖШС-мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша келісім шартқа қол қойылды.
Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 00:18
Қоғам • Бүгін, 00:15
Экономиканың өсуіне нақты сектор үлес қосып отыр
Саясат • Бүгін, 00:12
Аймақтар • Бүгін, 00:11
Аймақтар • Бүгін, 00:10
Өзгермелі әлемдегі ынтымақтастық жолы
Саясат • Бүгін, 00:06
Жетінші съездің арқалаған жүгі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Йеменде жағдай тұрақталып келеді
Әлем • Бүгін, 00:02
Электр энергиясынан бас тарту кімге ұтымды?
Әлем • Бүгін, 00:00
Аштыққа ұшырағандар саны арта түсті
Әлем • Кеше
Аймақтар • Кеше
Энергетикалық тапшылық: Дағдарыс пен мүмкіндік
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Журналистика жампозы Омарғали Құдышев туралы бір үзік сыр
Қазақстан • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
Өсу мен өшудің арасы екі-ақ тармақ
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Абай оқулары: Хакім мұрасының жас зерттеушілері
Абай • Кеше
Жергілікті тұлғалар ескерусіз қала бере ме?
Қоғам • Кеше
Көршілермен байланыс артып келеді
Экономика • Кеше
Өнер • Кеше
Әйелін ұрып өлтірген түркістандық 17 жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
«ҚТЖ» филиалының қызметкерлері дизель отынын ұрлаған
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Елордада бірқатар көше уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Алматыда есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды
Оқиға • Кеше
Қаңтар оқиғасында 238 азамат қайтыс болды - Бас прокуратура
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Ұқсас жаңалықтар