Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Тоғызқұмалақ турнирі қаһарманға арналды

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан ересектер арасында республикалық ашық онлайн және 1-10 сынып оқушылары арасында Алматы қалалық офлайн турнирі өтті.

Тоғызқұмалақ турнирі қаһарманға арналды

Аталған турнир қатерлі індетке байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде өзінің қызметтік мін­детін лайықты орындап, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қаза тапқан по­лиция қызметкері, ІІІ дәре­желі «Айбын» орденінің иегері Дастан Маратжанұлы Абдықановтың ерлігін жас ұр­паққа насихаттау және еске алу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Батыр есімін ұлықтаған ашық біріншілік playok.com платформасында шымыл­дығын түрген болатын. Дода­ға еліміздің түкпір-түкпі­рінен 247 спортшы қатысты. Жарыстың сайттағы нәти­жесіне сәйкес 1 мен 5-орын алған спортшылар демеушілер тағайындаған қаржылай сыйақымен марапатталды.

Зияткерлердің шебер­­лігін шыңдаған бәсе­кеде қызылордалық Дамир Ахме­тов 1-орынды жеңіп ал­са, ақтөбелік Медет Ху­саи­­нов 2-орынға ие болды. Ал жүлделі 3-орынға павлодарлық Бауыржан Абылай­ханов табан тіреді. Тағы бір қызылордалық Біржан Елеусінов 4-орыннан көрінсе, үздік бестікті ақтө­белік Гүлжанат Алдабергенова түйіндеді.

Тәуелсіздік алған жылдардан бері бір ғана Алматының өзінде 70-тен астам полиция қызметкері жұмыс бабында қаза тауыпты. Олардың ерен ерлігі мен антына адалдығы ұрпаққа үлгі болып қала бермек. Ауыр желдің өтінде жүріп арманынан алыстап қалған Дастан Абдықановтың да есімі ел есінде.

АЛМАТЫ